epometid
03.01.2022 21:44

7-тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап бер. 1. Электронды нітапхана қандай қызмет атқарады?
2 Нейпкердін неніл күйі қандай? Ойыңды дәлелде.
3. Сен электронды кітапхананы пайдаланасың ба?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
MrDrozdik
22.01.2020 16:31

тәуелсіздіктен кейін өмірге келдім. әйтсе де менің келешегіме үлкен жол ашқан тәуелсіздіктің жөні бөлек. біздің ата- «егемен болмай ел болмас, етектен кесіп жең болмас» деген екен. осы тәуелсіздікке дейін қазақ жерінде еркіндікті аңсаған 300-ге таяу ұлт-азаттық көтерілістері болыпты.

мен тарихи кітаптарды көп оқимын. сол кезде байқағаным, тәуелсіздікке жету оңай болмаған екен. жүздеген алаш ұлдары бастарын бәйгеге тігіпті. ондағы мақсаты, қазақ халқының қолын тәуелсіздікке жеткізіп, ұрпағын бодандықтан құтқару болыпты.

біз жақында отанымыздың барлық өңірінен 150-ден астам оқушы астанада басқосып, тәуел­сіздігіміздің 20 жылдығына арналған «қазақстанның жарқын болашағы – жастардың көзімен» деген тақырыпта шығарма жаздық. сонда тәуелсіздік туралы өз ойларымызды айттық. осы шараға ұйыт­қы болған «дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы еді.

арман қуып, елдің ертеңіміз деп жүрген замандастарым жазған шығармалармен танысып, ой-пікірлерін тыңдағанда отанға деген патриоттықты айқын сезіндім. тәуелсіздіктің алдындағы тыныс-тіршілігімізді, одан кейінгі 20 жыл ішіндегі өркендеуімізді ортаға салдық. бұрын біздің алдымыздағы ұрпақ әрі кетсе мәскеу қаласына барған екен. ал қазір білімді жастар төрткүл дүниені шарлап жүр. бізбен кездесу кезінде «болашақ» бағдарламасының түлектері ел қамқорлығының арқасында әлемнің атақты білім ордаларында оқығанын айтты. білімді жасқа қашанда жол ашық екенін жеткізді. біз білім сайысында астананы да аралап көрдік. арқадан кербез алматыға, алтайдан каспийге дейінгі аралықта өмір сүріп жатқан қазақ елінің ұл-қыздары елорданың ғажайыптарымен танысып, «бәйтеректің» басына көтеріліп, әсем қалаға қызыға қарадық. мектеп бітіргеннен кейін осы қалада оқысақ деген арман әр оқушының көкейінде сайрап тұрды. мұның бәрін біз тәуелсіздіктің арқасы деп білеміз. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
АринаБелочка1803
02.05.2022 13:18
Ңқанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, біз үшін жанұшыра шырылдайтын да - ана. ана деген сөзге лүпіл қақпайтын жүрек, мөлдіремейтін жанар жоқ. әрбір ана отының өшпеуін, бақытының көшпеуін, шаңырағының құламауын, сәбиінің жыламауын, сұм соғыстың болмауын тілейді. біз - қазақ
деген ұлы халықтың ұрпағымыз. қыз жібек пен баян сұлудың, мәншүк пен әлияның сіңлілеріміз. ана - тіршіліктің гүлі, отбасының берекесі, бүкіл ң тәрбиешісі. «ат биеден, алып анадан туады» дейді халқымыз. дүниеде анасыз жоқ. қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел бастаған көсем де, сөз
бастаған шешен де ана көкірегінен нәр алып өскен. ана - барлық өмірдің бастауы. ол өз сәбиін мәпелеп өсіреді, жақсы болуын қалайды. бойындағы барлық асыл қасиеттер күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. ана - ұлы , қасиетті жан. тіпті айта берсең сөз жетпейді. ана бір қолымен бесікті тербетсе,
бір қолымен әлемді тербетеді деген. расымен, анасыз өмірді, әлемді елестету мүмкін емес. әрбір жұмыр басты пенде бұл өмірге келгені үшін анасына қарыздар. құдайдан кейінгі құдірет иесі - ана. сондықтан мына жарық дүниеге әкелген ана алдында бәріміз басымызды иеміз. халық арасында ананы қадірлеу,
ананың орны туралы даналық сөздер көп. мұхамбет пайғамбардың хадистерінде де ең алдымен ананы құрметтеу парыз екені айтылады: «әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса» делінген. «кімде-кім ата-анасының ризалығын алған болса, соның өмірі ұзартылады», «жұмақтың кілті - ананың
табанында». осы сөзден кейін есі бар, жер басып жүрген бүкіл ң анаға бас иіп, тағзым етпеуі үлкен қателік. мен де анамды қатты жақсы көремін. сыйлаймын, амандығын тілеймін. бірақ кейде оны ренжітіп алып жатамын. мен өзім , тез ашуланатын . кейде анама бұлданып, қарсы сөйлеп қалатыным бар. бірақ
ашуым қайтқан соң «бекер айттым-ау» деп өкініп қалам. қанша ашуға бой алдырмауға тырыссам да, болмай қалады ойлағаным. бірақ анам кешірімшіл, ақылды, байсалды кісі. ол менің мінезімді біледі. кейде ол да маған қырсығып қалатыны бар. артынша мен анама барып көңілін табуға тырысамын. бетінен сүйіп,
жылы сөздер айтамын. анамның жүрегі ауырады. кейде қатты ауырып қалатыны бар. мұндай кезде шыбын жаным шырылдап, тәңірден амандығын тілеймін. бұл өмірде достарым, туыстарым қаншалықты көп болғанымен, олардың жаны анамдай ашымайтындай болады. анашым - отбасымның тірегі. барлығы, тіпті әкем де, жасы
үлкен-кіші туыстарым да бір іс бастарда, басқа да жағдайларда анаммен ақылдасады. ол барлық мәселенің шешімін тауып, реттейді, кеңес береді. көп анама көз тиген дейді. анам - табиғатынан жаны да, келбеті де үйлесім тапқан ажарлы кісі. оны қатты жақсы көремін, тек кейде қателік жасап қаламын. анашым
мені түсінетіне күмәнім жоқ. анам ауырмаса екен. олсыз өмірім не болмақ? ! мен қалай өмір сүрем, білмеймін. құдайым, мамам аман болсыншы! барлық аналар аман болсын.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота