Алишер00001
25.05.2021 06:48

Қазақ тілі пәні бойынша 5 сыныпқа арналған тест тапсырмасы 1. Дауысты дыбыстар жақтың қатысына қарай қалай бөлінеді?
А) жуан, жіңішке
Ә) еріндік, езулік
Б) ашық, қысаң
В) ұяң, үнді
Г) дауысты, дауыссыз.
2. Қай дауысты дыбыс жіңішке, ашық, езулік:
А) Ұ
Ә) Ү
Б) І
В) Ө
Г) Ә
3. Қазақ тіліне тән жіңішке дауыстыларды тап:
А) і, е, ү, ұ, о
Ә) һ, ы, і, е, ұ
Б) ә, я, ю, ғ, ө
В) ә, і, ү, е, ө
Г) а, ә, ұ, ү, ө
4. Еріндік дауыстыларды тап:
А) Ы, І, И, Ә
Ә) А, О, Ы, У
Б) А, Ә, Е, И
В) Ұ, Ү, О, Ө
Г) У, О, А, Е
5. Үнді дауыссыздан басталатын сөзді тап:
А) бағалы
Ә) орман
Б) дастархан
В) нәзік
Г) қымыз
6. Қысаң дауыстылардан жасалған сөздерді тап:
А) ыдыс, құс, тиін
Ә) сағат, ел, әңгіме
Б) отан, өрмекші, ұл
В) әріп, жер, әдебиет
Г) іні, гүл, арман
7. Еріннің қатысына қарай дыбыстар қалай бөлінеді?
А) жуан, жіңішке
Ә) ашық, қысаң
Б) еріндік, езулік
В) қатаң, ұяң, үнді
Г) дауысты, дауыссыз
8. Буынның түрлерін анықта:
А) тұйық, жуан, буын
Ә) ашық, тұйық, бітеу
Б) жіңішке, жуан, езулік
В) жалаң, еріндік, қысаң
Г) ашық, бітеу, қысаң
9. Дұрыс буынға бөлінген сөзді көрсет:
А) дос - тас - у, кө - мек - тес - у, от - ын
Ә) ә - же - ме, дә - рі - гер, о - қы - ту
Б) ор - ман, қы - зық - ты, от - бас - ы
В) о - тан, әң - гі - ме, там - а - ша
Г) а - ға, па - рта, мек - теп
10. Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын:
А) ашық
Ә) бітеу
Б) тұйық
В) жалаң
Г) қатаң
11. Ашық буыннан құралған сөзді тап:
А) анашым
Ә) бақытты
Б) бағала
В) балалық
Г) ұн
12. Буын түрін анықта: «дауыссыз+ дауысты+ дауыссыз»
А) ашық буын
Ә) тұйық буын
Б) жалаң буын
В) бітеу буын
Г) қысаң
13. Төрт буынды сөзді тап:
А) арман
Ә) жақсылық
Б) жолдастықты
В) көңілді
Г) желтоқсан
15. Жуан буынды сөзді тап:
А) кітапхана
Ә) қоңырау
Б) әуежай
В) кірпі
Г) көмектесу
16. Тасымалдауға (перенос) болмайтын сөздерді тап:
А) ата, бұлт, тұр
Ә) аспан, жапырақ, әнші
Б) өзенге, жұлдыз, әдемі
В) ана, әже, үйшік
17. Мақалды аяқта: Өнер алды қызыл...
А) от
Ә) тілек
Б) көйлек
В) тіл
Г) сөз
18. Мақал не туралы? Мектеп - кеме, білім - теңіз
А) оқу - білім
Ә) денсаулық
Б) еңбек
В) табиғат
Г) байлық
19. Жыл мезгілдерін тап:
А) ақпан, мамыр, маусым, қараша
Ә) қыс, көктем, жаз, күз
Б) сейсенбі, сенбі, жексенбі, жұма
В) қыркүйек, қазан, дүйсенбі, жаз
Г) қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан
20. «Дәстүр» сөзінің аудармасын тап:
А) дружный
Ә) наставник
Б) традиция
В) древни
Г) время года
21. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой: Отбасымызда жақсы... көп.
А) құрмет көрсету
Ә) дәстүрлер
Б) қонақты қарсы алу
В) тату
Г) мерекелік
22. Отбасы мүшелерінің атауларын тап:
А) апа, іні, сіңлі, нағашы
Ә) ана, аға, туыс, көрші
Б) туысқан, бөле, немере, ауылдас
В) ағайын, құда, жиен, жерлес
Г) құдаша, жеңге, көке, көрші
23. Сөйлемді аяқта: Біздің үй қаланың орталығында...
А) өмір сүреді
Ә) орналасқан
Б) жүр
В) бар
Г) отырады​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
котямотя3
21.06.2020 22:21

Қазіргі заман және балаларына жасалған мүмкіндіктер

Бұрынғы заман мен қазіргі кездегі балаларды салыстырсақ, олардың мінездері, тәрбиесі, басқа да қылықтары бәрі мүлдем басқа, тіпті, «жер мен көктей» деп айтуға да болады. Мүмкін, бұрынғы кездері сәби балалар балабақшада емес, ауылда ата-әжесінің қолында тәрбиеленіп өскеннен бе, өзіміз, тіпті әке-шешенің әңгімесін бөлуге, әкенің бір көзқарасынан, мұғалімдердің көзінен қорқатынбыз. Енді қазіргі, яғни, ХХІ ғасырдың балаларын қарап отырсам, олардың қылықтары шектен шығып отырады. Мысалы, анама немесе әкеме айтамын деп, ұрысты деп сес көрсетіп, сөз қайтарады. Бірақ, қазіргі заманда ондайда, мүмкін. Негізі осы заманның балаларын, «ақыр заманның балалары» деп айтып жатамыз ғой. Бір олар жағымсыз қылықтар жасап жатса, «ақыр заманның балалары» деп тақырыпты жауып, мінезін, тәрбиесін түзетуге де тырыспаймыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Антонио789176
18.11.2021 04:09

Неологизм: әлеуметтік желі, инстаграм парақшасы, бренд, стиль

Диалект сөздер: әйбат, нән, шекер,

Термин сөздер: нейрон, коэффициент, метафора, бірлік

Кәсіби сөздер: еспелі қайық, қармақ, біз, терімші,

Объяснение:

Неологизм– (гр. neos – жаңа, logos – сөз) – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар.

Диалект – аумақтық немесе әлеуметтік жағынан біріктірілген,шоғырланып орналасқан ұжымның тілдік қарым-қатынас жасауының негізге құралы болып табылатын тіл.

Термин (лат). terminus - ғылым, техника, өнер туралы және т.б. кейбір тұжырымдаманың атауы болатын сөз немесе сөз тіркесі.

Кәсіби сөздер – белгілі бір шаруашылыққа, кәсіпке байланысты қолданылатын, жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, қолданылу өрісі шектеулі сөздер.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота