Цирк (лат. cіrcus — дәлме-дәл, шеңбер) — сахналық өнердің бір түрі. Цирк өнері асқан ептілік пен күштілікке негізделген пантомималық ойын-сауықтар мен клоунның күлкілі әзіл-әжуаларын (клоунада, акробатика, гимнастика, шабандоздық және жонглерлік өнер, эквилибристика, музыкалық эксцентрика, иллюзионизм, т.б.) қамтиды. Әдетте Цирк ойын-сауығы алуан түрлі трюктер мен эксцентрикаға негізделген нөмірлерден тұрады.
Арена (лат. arena — құм) — 1. цирктің ортасындағы ойын-сауық көрсететін алаң. Көне рим амфитеатрының аренасында көпшілікке арнап гладиаторлар соғысы, ат жарысы мен әр түрлі спорттық ойындар көрсетіліп отырған. 19 ғасырдан бастап цирк аренасының диаметрі 13,5 м болды., Қазіргі цирктің аренасын “манеж” деп атайды. 2. Ауыспалы мағынада арена көпшілікке танылу, белсенді қызметімен белгілі болу ұғымын да білдіреді
Клоунада- цирк жанры. Ол негізінен экцентрикалық және қуақы көріністерден тұратын клоундық күлдіргі ойындардан құралады.Клоунадалық ойын көрсетудің негізгі халықтық фарс ойындарына саяды. Дәстүрлі Ақ клоунның маскасы Дель арте комедиясы, сондай-ақ франция мен ағылышынның балаған театрларынан, ал Шикіл сары клоунның маскасы халық арасындағы масқарапаз артистерге (қолапайсыз әрі сыйықсыз) еліктеушілер ойындарынан алынған.
Акробатика - бұл адам өмірінде өз қолтаңбасы бар спорт түрі деп әбден болады. Себебі, адамның өз денесін өз мұхтажына сәйкес қызмет өткізу - әркімнің ізгі арманы. Сондықтан да цирк өнерімен шұғылданушылар акробатиканы «Цирк ханымы» - деп атайды екен.
Септіктердің аты Сұрақтары Септік жалғаулары
Атау септік Кім? не? еш жалғаусыз
Ілік септік Кімнің? Ненің? -ның, -нің, -дың, -дің,-тың, -тің
Барыс септік Кімге? Неге? -ға, -ге, -қа, -ке
Табыс септік Кімді? Нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті
Жатыс септік Кімде? Неде? -да, -де, -та, -те
Шығыс септік Кімнен? Неден? -нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен
Көмектес септік Кіммен? Немен? -мен, -бен, -пен