Adidasler05
23.01.2020 06:01

Нелiктен коне турик ескерткиши деп атаган???​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alina15299
20.01.2022 11:20
Мектепте
Директор:
-Сәлеметсіңдер ме оқушылар?!
Оқушылар:-Саламатсыз ба?!
Ұстаз:-Документы

Коммунальное государственное учреждение "Средняя школа №19" отдела образования г.Кокшетау

МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

БЕКІТЕМІН

Мектеп директоры

Ахметжанова С.Б.

01.09.2012ж

№ 19 ОМ оқушыларының тәртіп ережелері

Нағыз Ережелер оқушылардың ғимаратта және мектеп аумағындағы тәртіп нормаларын құрады.

Ереженің мақсаты – мектепте қалыпты жұмыс жағдайын жасау, кез келген оқушының табысты оқуына, тұлғаны сыйлауға және оның құқықтарын тәрбиелеу, қарым-қатынас дағдылары мен мінез-құлық мәдениетін дамыту.

1.      Оқушылар мектепке таза, ұқыпты киінген қалпы сабақ басталудың алдында 10-15 минут бұрын келеді. Мектепке кірерде сыпайылық ережесін сақтайды. Оқушылар қара-көк түсті мектеп формасын киюге міндетті. Қыздар үшін: юбка, классикалық шалбар, желетке (қалауы бойынша), пиджак, көгілдір мойынтақ (галстук). Ұлдар үшін: шалбар, классикалық костюм, желетке (қалауы бойынша), көгілдір мойынтақ. 10-11 сынып оқушылары ресми-іскерлік стильдегі костюмдер киюлері тиіс.Оқушылардың мектеп киімінде дінге қатысты ешқандай элементтер болмауы керек.

Шешінетін жерге киімдерін тапсырған кезде қалталарында ұялы телефондар, ақша, алтын және күміс бұйымдарды қалдыруға болмайды. Құнды заттардың жоғалғанына әкімшілік жауапкершілік алмайды.

2.       Сабақты себепсіз бостауға болмайды. Науқастанып қалғанда немесе себебі көрсетілген ата-ананың өтініші болғанда ғана сабақтан қалуға болады.

3.        Оқушы қажетті оқу құралдарын,оқулықтарды, дәптерлер мен күнделңгін  әкелуге тиіс. Мектепке сабақ кестесіне сәйкес пәндер бойынша орындалған үй тапсырмаларын орындап   және күндегі үй тапсырмаларын жазып отыру керек.

4.      Мектепке және мектеп аумағына кез келген мақсатта қару, жарылғыш, өрткеқауіпті заттар мен спирттік ішімдіктер, есірткі, естен айырғыш заттар мен улар, газ балоншықтары, темекі, сағыз, шемішке әкелуге тыйым салынады. ҚР білім туралы Заңы. 11 бап.3.ҚР балалар құқығын қорғау Заңы. 37,38 бап.

5.         Оқушыға сабақ үстінде ұялы телефонды қолдануға тыйым салынады.

6.         Темекі тартуға, есірткі заттар қолдануға, дөрекі сөйлеуге тыйым салынады
   Ереже мен мектеп қаулысын бұзғаны үшін оқушылар шара қолдану ережелері бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мектеп заңнамаларын қысқаша сендерге түсіндірдім.Енді осы ережелерді ойдағыдай жүзеге асырып жүріңдер.
-Сау болыңдар!
0,0(0 оценок)
Ответ:

Фастфуд – денсаулыққа зиян тигізетін тағам екенін әрбір адам біледі. Бұл өнімнен бас тартатын себептер көп және солар жайлы айтып кетейік.

«Fast food» деген сөз, ағылшын тілінен аударғанда «жылдам тамақ» дегенді білдіреді. Бұндай мекемелер Ежелгі Римде де болған. Бірақ ол заманда тағамдарды табиғи өнімдерден жасаған. Ал қазір оған дәмді күшейтетін және иіс шығаратын қоспалар қосылады. Фастфудтың иелері жылына бірнеше миллиард доллар табыс табады. Бұл өнімдердің тұтынушылары миллионнан асады. Фастфуд – ыңғайлы, жылдам және арзан болғанына қарамастан, оның бір кемшілігі бар – ол денсаулыққа зиянды.

Қазақстанда үй тағамының орнына, гамбургер мен фри картобын таңдайтын адамдардың саны көбейіп келеді. Олар тамақ әзірлеуге уақыт болмағандықтан, фастфудқа көштік деп ақталады. Оның адам ағзасына тигізетін кері әсері:

•Ең басты кемшіліктерінің бірі – калорияның көп болуы. Ол семіздікке әкелетін басты себеп.

•Құрамындағы транс-майларын, «өлтіруші-майлар» деп атайды. Ол Альцгеймер ауруы, инфаркт және қатерлі ісікке әкеліп соғады.

•Бұл тағамдарға натрий (тұз) көп мөлшерде қосылады. Натрий қан қысымын арттырып, жүрек-тамыр жүйесінің жұмысына жүктеме жасайды.

Фаст-фуд өнімдерінде пайдалы компоненттер өте аз, оны жиі жейтін адамда витамин жетіспеушілігі болады. •Тағамдардың көпшілігі тазартылған көмірсулардан тұрады. Жасұнық (клетчатка) болмағандықтан, глюкоза түріндегі көмірсулар қанмен араласады. Нәтижесінде қанның қант деңгейі көтеріліп, диабет және семіздікке әкелуі мүмкін.

•Глутамат натрий – иіс және дәмді күшейтетін қоспа. Оны шамадан тыс тұтыну, бүйрек және ас қорыту жүйесіне зақым келтіреді.

•Консервант – ең зиянды қоспалардың қатарына жатады. Өндірушілер оның көмегімен сақтау мерзімін ұзартады. Аллергияларға бейім адамдарға оны қолданбауға кеңес беріледі.

•Көмірсулар мен қант, ауыздағы қышқылдықты жоғарылатып, тіс эмальінің бұзылуына және кариестің пайда болуына әкеледі.

• Бұл тағамдарды тұрақты түрде пайдалану – гипертония ауруына, иммунитеттің төмендеуіне және созылмалы аурулардың асқынуын тудырады. •Зерттеуге сәйкес, фастфудты көп жейтін балалар астма ауруынан жиі зардап шегеді. Сондай-ақ, олар тері ауруларына бейім болады екен.

АҚШ халқының 60%-ы семіздіктен зардап шегуде. Бұған кінәлі әрине – фастфуд өнімдері. Біздің елде мұндай қайғылы көрініс әлі орын алмаған. Бірақ болашақта осы проблемаға тап болуымыз мүмкін. Денсаулығыңызды ойлайтын болсаңыз, үй тағамдарын жеуге тырысыңыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота