Ымырт сөзі кеш деген маүына береді
Ымырт және таңсәрі – атмосферада күн батқаннан кейін және күн шығар алдында байқалатын оптикалық құбылыс; күндізгі жарықтан түнгі қараңғылыққа немесе керісінше бірқалыпты ауысу құбылысы. Бұлтсыз аспан күмбезіндегі ымырт және таңсәрі рауанмен сипатталады: ауа райы қандай болса да, сол рауанның әсерінен жер бетіне шашыраған жарық түседі. Ымырт және таңсәрінің ұзақтығы аспан күмбезіндегі Күннің көрінерлік тәуліктік қозғалысының бағыты мен көкжиек арасындағы бұрыш арқылы анықталады