Талғаулықты (Разделительные союзы): (біресе, не, немесе, я, яки, бірде, не болмаса, әлде, кейде, (или, иногда, то, однажды, либо). Күн біресе жауады, біресе ба-сылады (Дождь то шел, то переставал). Бүгін киноға не мен барамын, не сен барасың (В кино сегодня либо я пойду, либо ты пойдешь).
Себеп-салдар салалас (причинно-следственные): сондықтан, сол себепті, сөйтіп, сонымен, өйткені, себебі шылаулары арқылы байланысады. Менің кім екенімді Жұмабайға әкесі айтып берді, сондықтан ол менен қымсынбай сөйледі.
Кезектес (разделительный) - бірде, біресе, кейде шылаулары арқылы байланысады. Ел іші сапырласып жатқан әскер: біресе қызыл келеді, біресе ақтың әскері келеді.
Қазақ тілі (төте: قازاق ٴتىلى, латын: қазақ тілі) — Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар Ресей, Өзбекстан, Қытай, Моңғолия жəне т.б. елдерде тұратын қазақтардың ана тілі.
Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына, соның ішінде қарақалпақ, ноғай, қарашай тілдерімен бірге қыпшақ-ноғай тармағына жатады. Сонымен қатар қырғыз, татар, башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қарайым, қырымтатар тілдеріне жақын.
Қазақ тілі диалектілерге бөлінбейтіні ғылыми түрде дәлелденген. Барлық өлкелердің қазақтары бір-бірін жақсы түсінеді. Бірақ кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: солтүстік-шығыс, оңтүстік және батыс (ескі үш жүздің орналасқан аумағы бойынша).