eshkinbayramov2
27.03.2020 17:49

Омонимді белгілеңіз: «Ол сенен он жас үлкен».
А) сенен
В) үлкен
С) он
D) ол
Е) жас
2. Қиысуды көрсетіңіз.
А) Арманның көйлегі
В) Менің бақытым
С) Шақырылғандар келді
D) Еңбекті бағалау
Е) Дүкенге бару
3. Сапалық сын есімді табыңыз.
А) қайырымды
В) қорқақ
С) білгіш
D) ыстық
Е) ашушаң
4. Төрт түрлі жалғау жалғанған өздік есімдігін табыңыз.
А) Өздері
В) Өздеріңіздің
С) Өзіңнен
D) Өздеріменен
Е) Өздерімізденсің
5. Жалпылауыш сөзге байланысты қойылған тыныс белгісін табыңыз.
А) Қазақстанның ең ірі көлдері мыналар: Балқаш, Теңіз, Алакөл және Марқакөл.
В) Ақылбай, Ербол және Мағаш келді.
С) Үлкенді сыйлау – асыл қасиет.
D) Оқушылардың бәрі қысқы демалысқа тарады да, мектеп бос қалды.
E) Жел қатайып кетті.
6. Ырықсыз етісті табыңыз.
А) Маған өлеңді еріксіз айттырды.
В) Вадим қазақ тілін өзі үшін үйренеді.
С) Ақындар еркін тақырыпты айтыспақшы.
D) Оның ақшасы төленді.
Е) Ол өз ойын ашық айтты.
7. Анықтауышы бар сөйлемді көрсет.
А) Асан биыл мектепке барады
В) Мұрат ақын үндемеді
С) Қақаған аязда аң аулауға кетті.
D) Аспанда найзағай ойнады.
Е) Ол асып та, тасып та сөйледі
8. Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңыз.
А) Тасыу.
В) Кепу.
С) Сауу.
D) Жайу.
Е) Суыу
9. Есімдерден туынды етістік жасайтын жұрнақтарды табыңыз.
А) –мақ, -мек, -бақ, -бек
В) –ла, -ле, -да, -де.
С) –на, -не, -да, -де.
D) –ын, -ін, -н.
Е) –ған, -ген, -қан, -кен
10. Дефис қойылатын қатарды табыңыз.
А) 8 сыныпқа өтті.
В) ХХ ғасыр.
С) 20 сантиметр.
D) 2 жарым литр.
Е) 2010 жылы
11. Бастауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
А) Он беске келгенше ерке болдым.
B) Алты – үшке бөлінеді.
C) Тамағың мені ғана емес, екі-үш адамды тойдырғандай.
D) Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.
E) Он үште отау иесі.
12. Анықтауышы жоқ сөйлемді табыңыз.
А) Ұлы адамдардың еңбегін бағалай білу керек.
В) Германия суды Швециядан сатып алады.
С) Жер шарының көп бөлігін ащы су алып жатыр.
D) Үлкен қалаларда адамдар жиі ауырады.
Е) Таза сусыз өмір жоқ .
13. Стиль түрін белгілеңіз. «Йондар дегеніміз – зарядталған атомдар немесе атомдар тобы».
А) Көркем әдебиет стилі.
В) Ауыз екі сөйлеу стилі.
С) Іс- қағаз стилі.
D) Ғылыми стиль.
Е) Публицистикалық стиль.
14. Мезгіл үстеулі сөйлемді табыңыз
А) базарлы елдің сырын біледі
В) мен қайтадан бастап оқыдым
С) ол бүгін келді
D) Абай телеграмманы ақырын оқыды
Е) күн шайдай ашық болды
15. Нақ осы шақтағы етістікті табыңыз.
А) Мен ертең қалаға барамын.
В) Олар футбол ойнады.
С) Жазда балық аулауға бармақшымын.
D) Сіз сұраққа жауап беріп жатырсыз.
Е) Мен бұл кітапты бұрын оқығанмын.
16. Есімшені табыңыз.
А) Көргенімнен білгенім көп.
В) Ол тез ұйықтап қалды.
С) Әжесі кеше келіпті.
D) Мен жетінші сыныпта оқимын.
Е) Кітапханаға барасыз ба?
17. Республика астанасы Астана қаласына қашан көшірілгенін белгілеңіз.
А) 1991ж.
В) 1997ж.
С) 1995ж.
D) 1996ж.
Е) 1993ж.
18. Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?
A) «Қазақ» газеті.
B) «Егемен Қазақстан» газеті.
C) «Түркістан уәлаяты газеті»
D) «Серке» газеті.
E) «Алашорда» газеті.
19. Сөйлемді аяқтаңыз: 5 қыркүйек – Қазақстан халқының ... .
А) Білім күні.
В) Жаңа жыл.
С) Жеңіс күні.
D) Тілдері күні.
Е) Тәуелсіздік күні.
20. Қазақстандағы мемлекеттік билік органдары неше тармақтан тұрады?
A) Бес.
B) Екі.
C) Тармақталмайды.
D) Бір.
E) Үш.
21. «Сарыарқа» деп аталатын аймақты атаңыз.
А) Солтүстік Қазақстан
В) Батыс Қазақстан
С) Оңтүстік Қазақстан
D) Шығыс Қазақстан
Е) Орталық Қазақстан
22.Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылды белгілеңіз.
А) 1991 жылы 16 желтоқсан
В) 1990 жылы 25 қазан
С) 1992 жылы 4 маусым
D) 1993 жылы 15 қараша
Е) 1995 жылы 30 тамыз
23. Қазақ дәстүрінде қонақтың сыйлы орнын белгілеңіз.
А) Ұйықтайтын бөлме.
В) Кіре беріс.
С) Төр.
D) Ас үй.
Е) Дәліз.
24. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленгенін табыңыз.
А) Пырақтар.
В) Қырандар.
С) Күн сәулесі.
D) Ою-өрнектер.
Е) Қыран құс.
25. Ғылым академиясының тұңғыш президентін белгілеңіз.
А) Ахмет Байтұрсынов.
В) Шоқан Уәлиханов.
С) Қаныш Сәтпаев.
D) Тұрар Рысқұлыв.
Е) Ыбырай Алтынсарин​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
popopoppop2016
04.02.2023 14:37
Менің сүйікті бағдарламам - "Наша правда".  Алексей Шахматов жүргізетін бұл бағдарлама КТК арнасынан болады. Мен үзбей көріп тұруға тырысамын. "Наша правда" бағдарламасында шынайы өмірден алынған оқиғалар баяндалады. Бағдарламаға түрлі адамдар келіп, өз бастарынан өтіп жатқан мәселелермен бөліседі. Сол мәселенің шешімін табуды көздейді.Әр бағдарламада көтерілетін тақырыптар көптеген саланы қамтиды. Бағдарлама өте қызықты өтеді. Наша правданы тамашалайтын көрермендер де көп деп ойлаймын. Бағдарламаның әр санына арнайы мамандар және сарапшылар келіп пікірлерін айтады. Сондықтан, бұл бағдарламаның болашағы зор.
0,0(0 оценок)
Ответ:
tayasivakova
02.07.2020 16:27

Менің ана тілім – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме басты себепкер - сол ана тілім! Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ананың әлдиімен бойыма сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Ақын С.Торайғыров ана тілімді:

Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның тазалығын сақтауға тиіс. Амал не, туған тілімізді шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма еріксіз оралады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота