русский265
23.08.2021 12:15

Өтінемін көмектесіңіз 1. Іс-қимылдың түрлі белгісін білдіретін  сөздер қалай аталады?

A) Еліктеуіш.

B) Бейнелеуіш. 

C) Үстеу.

D) Шылау.

E) Сын есім.

2. Бірыңғай   ашық  буынды  сөзді  көрсетіңіз.

A) Жауын.

B) Дәптер.

C) Орман.

D) Мектеп.

E) Алаша.

3. Жалпы есімді табыңыз. 

A) Көкшетау.

B) Тау.

C) Балқаш.

D) Абай.

E) Алатау.

4. Топтау сан есімді табыңыз. 

A) Екіден.

B) Алпыстай.

C) Ондаған.

D) Қырыққа таяу.

E) Екі жарым.

5. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім?

A) Т.Әубәкіров.

B) Т .Мұсабаев.

C) А.Айымбетов.

D) ВТерешкова.

E) Т.Бигельдинов.

6. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз. 

A) Қызыл шапан. 

B) Жігерлі адам. 

C) Ақ көйлек. 

D) Істің ақ-қарасы тексерілді. 

E) Қара киім. 

7. Түбір сөз қатаңға бітсе, қосымша қандай дыбыстан басталатынын анықтаңыз.

A) Дауыстыдан.

B) Қатаңнан.

C) Ұяңнан.

D) Үндіден.

E) Жіңішке дауыстыдан. 

8. Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.

A) Ауылдың маңы - терең сай.

B) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.

C) Үй жиhаздарын жинау.

D) Білімдіден шыққан сөз.

E) Отаным - бақыт ордасы. 

9. «Қара шаңырақтың» иесі кім?

A) Киіз үйдің бөлшегі.

B) Отбасы.

C) Шаңырақтың кіші бөлшегі.

D) Үйдің кенже баласы.

E) Үйдің үлкен баласы.

10. Жақсыз сөйлемді көрсетіңіз.

A) Біз елімізде молшылық орнатамыз.

B) Сен мұнда не істеп жүрсің?

C) Ол жақтан апамыз келді.

D) Сабаққа кешігуге болмайды.

E) Өлеңімді өрлеттім. 

11. Сабақтас құрмаласты табыңыз.

A) Жеті рет өлшеп, бір рет кес.

B) Ол өзінің келіншегіне күлімсірей қарады.

C) Туған тілім –тірлігімнің айғағы.

D) Өзіңе қарай дос таңда.

E) Сыйға- сый, сыраға- бал.

12. Сөйлем соңынан нүктенің қойылу себебі, дұрысын белгілеңіз.

Шаңқай түс.

A) Хабарлай айтылған жайылма сөйлем.

B) Хабарлай айтылған толымды сөйлем.

C) Хабарлай айтылған атаулы сөйлем.

D) Хабарлай айтылған жалаң сөйлем.

E) Бұйрықты сөйлем. 

13. Тұңғыш  қазақ музыка театры  қай қалада ашылған?

A) Алматы.

B) Астана.

C) Қызылорда.

D) Орынбор.

E) Семей.

14. Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды табыңыз.

Сүйемін туған тілді – анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім …

A) М.Дулатов.

B) І.Жансүгіров.

C) Ж.Молдағалиев.

D) А.Байтұрсынов.

E) С.Торайғыров.

15. Туынды сөз жасап тұрған қосымшаны көрсетіңіз.

A) Сый-құрмет.

B) Баламыз.

C) Түндік.

D) Проза.

E) Әтір. 

16. Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?

A) Түркістан уәлаятының газеті.

B) «Егемен Қазақстан» газеті.

C) «Қазақ» газеті.

D) «Серке» газеті.

E) «Алашорда» газеті.

17. Етістіктің шартты рай түрінде тұрған сөзді табыңыз.

A) Емделсе.

B) Келді. 

C) Отырып кеткен.

D) Жазып алған. 

E) Айтқан-ды. 

18. Ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылауды көрсетіңіз.

A) Кейде сен, кейде ол келер.

B) Марат(пенен) сөйлесті.

C) Марат (пен) Қанат келді.

D) Марат(пен) барып кел.

E) Ол келді, себебін біле бер. 

19. Тұрақты тіркес қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Ардақ бұл хабарға қуанды.

B) Мен көзіммен көріп, құлағыммен естідім.

C) Тыңдай білу де керек.

D) Еркін тұрған жерде аузына құм құйылатын әдеті.

E) Ол түймесін қадады. 

20. Мезгіл пысықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Бұл екеуі көпке шейін үнсіз келе жатты.

B) Поезд разъезге келіп тоқтады.

C) Ол сәл ойланып қалды.

D) Сені ардақтап өтемін.

E) Сен мұны қасақана істеген жоқсың. 

21. Қарсылықты жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

A) Сен баласы ма едің соның?

B) Мен кітап алғалы әдейі келдім.

C) Жақсымен жолдас бол, жақсы жүр.

D) Жәкем қуанғаннан жылап жіберді.

E) Біз өтетін өзеннің ағысы қатты, алайда  терең емес. 

22. Қыстырмаға тән қойылмаған тыныс белгісін анықтаңыз.

Қорыққандықтан ба әйтеуір оның қайталап айтуға батылы бармады.

A) Сұрақ белгісі.

B) Сызықша.

C) Үтір.

D) Дефис.

E) Деп белгісі.

23. Төл сөздің төлеу сөзге айналып тұрған түрін көрсетіңіз.

A) Ол менен сұрады.

B) Ол менен: ''Сен қашан келдің ?'' -деп сұрады.

C) Тәкежан балаларды ертіп, тоғайға апарды.

D) Ол менен сұрап отыр.

E) Ол менен қашан келгендігімді сұрады. 

24. XIV-XVI ғасырлар аралығында өмір сүрген қазақ шешендерін анықтаңыз.
A) Асан қайғы, Жиренше шешен.
B) Б.Адамбаев, С.Негімов.
C) Майқы би, Аяз би.
D) Абай, Ыбырай.
E) Төле, Қазыбек, Әйтеке би. 

25. Синонимі бар сөйлемді табыңыз.

A) Күнде той, күнде сауық жүрген жері.

B) Олжа, пайда, кіріс құйылып жатыр.

C) Орманда жас бала адасып, қорқып қалмасын.

D) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.

E) Үш киік омақасып құлап жатты. 

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
rita145roden
26.05.2022 09:29
Адам коғамы пайда болғаннан бастап оның мүшелері мінез-құлық, мүдде, тілек т.б. жағынан бір-бірімен санасуға тура келді. Үлы Ғабит Мүсірепов жазып кеткендей: "Мал баласын бауырында өсіреді, ағаш жапырағын ығына қарай төгеді, а болса, қоғамның шылауында өседі" емес пе?! Бұл қажеттілік әрі карай адамдардың қоғамдық парыз-міндеттерін орындаумен ұштасады. Адамдар арасындағы осынау күрделі өзара қарым-қатынастарды адамгершілік-имандылық тұрғысынан реттеудің шартты қағидалары болып әдеп-инабат нормалары қалыптасты.
0,0(0 оценок)
Ответ:
kjkszpjkangaroo
14.02.2022 19:56
Оқжетпес Оқжетпес[1] – Ақмола облысындағы Бурабай және Шабақты көлдерінің аралығындағы биік жартас. Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында. Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Оқжетпес маңында қаңтардың орташа температурасы –9 – 16қС, шілдеде 19қС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері (Сәкен Сейфуллин, т.б.) Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота