Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар
«Менің атым қалай қойылды?» шағын әңгіме.
Менің атым қалай қойылды? Деген сұрақ мені толғандырып жүрген болатын. Осы сұрағыммен анама келген болатынмын. Сонда анам маған қысқаша түрде қазақ халқының ат қою дәстүрі туралы айтып берген болатын.
Әрбір қазақ отбасында дүниеге сәби келгенде оған жарасымды, мағыналы, әрі әдемі есім беруге тырысады. Кейбір отбасылар заманауи ат қойса, енді кейбіреулері ата-бабаларының, ұлы тұлғалардың есімін қояды.
Әдетте бала есімін елге сыйлы, құрметті, беделді азаматы қояды. Сәбиді қолына алып, сәбидің аяғын құбылаға қаратып жатқызып немесе қолына алып, оң құлағына азан шақырып, сол құлағына қамат түсіріп, көпшіліктің көзінше сәбидің есімін екі құлағына үш мәрте қайталап айтады. Осы сәттен бастап, қазақта ата-ананың бала алдындағы міндеттері басталды деп есептеген. Нәрестеге есімді егер оның ата-әжесі тірі болса, міндетті түрде солар ұсынған ат қойылады. Осылайша менің есімімді әжем таңдап, «Айша» болсын деп шешіпті. Айша – есімі мұсылман баласына қадірлі есімдердің бірі. Ол ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) адал жары, хазірет Әбу Бәкірдің (р.а.) перзенті, барша мұсылмандардың аяулы анасы. Менің есімім осындай мәнді де мағыналы болғанына өте қуаныштымын.