MilanaKnyazeva230899
12.01.2021 00:25

Мəтіннен сын есімдкрді тауып, бағанға бөліп жаз: авгурей (ағылшынша augerey немесе ирланд фениксі) - көк жасыл түсті, арық, тұл құс. ол өз ұясын қол жетпейтін ағаштың қуыстарына салады. жəндіктерді жеп күн көреді. тек жауынның кезінде ғана ұшып, қалған уақытта ұясынан шықпайды. авгурейдің жан айқайы өлімді алып келеді деген наным болғандықтан, сиқыршылар оның ұясынан аулақ жүруге тырысқан.​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ksushaksenia11
27.05.2021 03:28

Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.

Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйтке­ні тәртіп бойынша туыстар бір-бірі­нің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Енді осы жеті ата шежіресіне кім жатады? Бұл туралы әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас-пікірлер газет-журналдарда да, басқа ортада да туын­дап отыр. Мұның бір өкінішті­сі, сол пікірлер арқылы қате ұғым­дар мен ой-түйіндердің байыбына терең бойламай айта салушылық пен қателіктер ба өздерден де, оқулықтардан да жиі көрініп қалады. Тура айту керек, бұл – бұрынғы аруақ­ты ата-бабаларымыз бекітіп, айтып, дәлелдеп, нақты тұжырымдап, ғасырдан-ғасырға айқындап салып кеткен сара жол. Бұл – бұлжымай­тын тәртіп қағидасы. Жеті ата ұғы­мы жаңа заң жобасы емес, ежелден қалыптасқан қанатты қағида, санаға сіңген өсиет, өнеге мектебі, ата салтымыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ност1
13.07.2021 19:49

Ұшқан ұяда» әлем тарихы,жаратылыс шежіресі, жан-жануарлар болмысы,қауымының қалыптасуы, әлемнің пайда болуы, тірлік, өмір туралы алғашқы мағлұматтарды,азаматтық тұрғыдағы аңыз-әңгімелерді әжесінен естігенін үлкен сүйіспеншілік сезімен есіне алған,сондай-ақ ненің жақсы, ненің жаман екенін, нені сүйіп, неден аулақ жүруді әжесінен үйренгенін мақтан етеді. Әкесі Момыш өз бетімен сауат ашқан, сол кездегі көзі қарақты адамдардың бірі болған. Ел арасында ағаш ұстасы және етікші, зергерлігімен танымал болатын. Бауыржан 3 жасқа келген соң анасы Рәзия қайтыс болады да, әжесі Қызтумастың қолында өседі.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота