
Ата здын арманы тәуелсіз болу
Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.
Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.
Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық.
Қаратпа,қыстырма сөздер мен сан есімдер бар диалог:
– Балам,мына көк алмалаларыңның келісі қаншадан?
– Апа,бұл алмалардың келісі екі жүз отыз теңгеден.
– Оңтүстіктен келген-ау,сірә...
– Ия, Оңтүстіктікі.Өте дәмді,алыңыз.
– Бәсе,түрінен көрініп тұр.Екі келісін өлшеп бере ғой.
– Мінекей,алыңыз.
– Ал мына алмұрттардың келісі қанша?
– Бұлар екі жүз елу теңгеден.Кеше ғана келді дүкенге.
– Онда алмұртыңнан бір келісін сала ғой.
– Жақсы,апа.Тағы не аласыз?
– Жарайды осы,шырағым!Өркенің өссін,саудаң жүре берсін.
– Әумин,апа!
Қосымша:
Қаратпа сөз — сөйлемде айтылған ойдың кімге арналғанын білдіру не оған басқаның назарын аудару мақсатында жұмсалатын сөз немесе сөз тіркесі. (Балам,апа,шырағым)
Қыстырма сөз - сөйлеушінің не жазушының айтылған ойға әртүрлі көзқарасын, сезімін білдіретін моральдық мәні бар сөздер. (Сірә,бәсе)
Сан есім - заттың санын, мөлшерін, ретін, шамасын білдіретін сөз табы. (Екі жүз отыз,екі,бір,екі жүз елу)