авк5кеап6567нг67
03.10.2021 06:21

Тапсырма
Мәтіндерді оқып, олардың жалпы қысқаша мазмұны мен нақты ақпараттарды ажыратып
көрсетіңіз. [6]
А мәтіні

Жетіқарақшы

Қазақ атаулы түгел білетін шоқ жұлдыздың бірі – Жетіқарақшы . Жетіқарақшы
Темірқазықты (дәлірек айтқанда дүние полюсін) тәулігіне бір рет айналып өтеді. Оның
іңірдегі, түн ортасындағы, таң алдындағы орны жыл мезгілдеріне қарай әрқилы өзгеріп
отырады. Мал шаруашылығымен шұғылданған ата-бабаларымыз Жетіқарақшының
қозғалысын бақылай отырып, оны түн мезгілдерін анықтайтын аспан сағаты есебінде
пайдалаған.
«Жетіқарақшы бара жатқанның балтасын, келе жатқанның кетпенін ұрлаған
баукеспе ұры болыпты. Халық болып соңына түскен соң қылмысы басынан асқан жеті
ұры жеткізбей аспанға қашып шығып кеткен. Бастаған – алдыңғы төртеуі, ана артындағы
үшеуі ерер-ермес болып жүрген олардың құйыршығы. Екі бүйірдегі жарық жұлдыз – екі
батыр. Сонау қатар тұрған екі жұлдыз Ақбозат пен Көкбозат батырлардың аттары. Олар
Темірқазыққа арқандаулы. Шұбатылған арқаны да көрініп тұрады. Аттар Темірқазықты
айнала оттайды. Оларды аңдыған жеті ұры да түнімен төңіректеп, айналып жүреді.
Ә мәтіні

Саяхат бізге не үйретеді?

1. Саяхаттаудың ең қиын кезеңі – үйден шығу. Шынымен де, үйде отырғаныңызда
түзде өміріңізге қауіп келтіретін түрлі жағдайлар күтіп тұрғандай сезінуіңіз мүмкін. Қайда
тамақтанып, қайда ұйықтайтыныңызды білмей дал боласыз. Сізді тіл білмеу немесе
қаржылық жағдай тоқтатуы да ғажап емес.
2. Адамдар әрқашан да жылы шырайлы келеді Дамыған мемлекеттерге саяхаттайтын
болсаңыз ондағы адамдар сізге барынша құрметпен қарайтынына таңғалмаңыз. Тек кейбір
елдердің мәдениеті төмендеу аймақтарында ғана қауіп төнуі мүмкін. Бірақ қай елді
алсаңыз да, ондағы адамдар өзге елден келген саяхаттаушыларға аса зор құрметпен
қарайды, әрқашан көмек беруге дайын тұрады. Олар сізге жол көрсетеді, құдайы қонақ
етеді, өз елінің ең жақсы деген жерлерімен таныстырады, сіздің саяхатыңызға қызығып,
емен-жарқын әңгіме-дүкен құруға дайын болады.
3. Саяхат сіз ойлағандай қауіпті емес. Өзге елдің, қаланың адамдары да өзіңіздің
туып өскен жеріңіздің адамдары іспеттес, сондықтан да сіздің Отаныңыздағы жақсылық
пен жамандық атаулары сапарлап барған жеріңізде де бар екенін ұмытпаңыз. Тіпті кейбір
елдерде қылмыс саны бойынша адам шошытарлық статистика болуы мүмкін. Бірақ мұның
барлығы да біржақты пікірден жиналған ақпарат. Сондықтан да қайбір ел туралы, ондағы
адамдар туралы жаман ойлауға кеңес бермейміз. Тіпті кейбір ақпараттар қаңқу сөзден
құрылған болуы да мүмкін. Сондықтан саяхаттау кезіндегі түрлі қауіп-қатерлер мөлшері
сіздің Отаныңыздағы жағдайлармен бірдей, немесе тіпті аз болуы ықтимал.
А мәтіні Ә мәтіні

Қысқаша мазмұны
Нақты ақпарат

Жазылым

Сіз шетелде ұзақ мерзімді саяхатта жүрсіз. Досыңызға саяхатыңыздың қызықтарымен
бөлісе отырып, хат жазыңыз. Хаттың жанрлық, құрылымдық, ресімделуіндегі
ерекшеліктерді ескеріңіз. [7]
Хат жазуға қойылатын талаптар:
1.сәлемдесу, амандық-саулық сұрасу;

2.өзі туралы, қалай саяхаттап жүргендігі туралы жазу және хат жазу мақсатынан хабар
беру;
3.қорытынды ой, қоштасу.
4. хат соңында есімін және мерзімін көрсету

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Alan1987
24.11.2022 23:29

Тұлғалар. Алаш арыстары. Мұндай жандар туралы Елбасы Н.Назарбаев: “Ұлы тұлғаларын білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін емес. Адам тарихының айнасынан біз тарих көшінің жүрісін ғана аңдап қоймаймыз, оның рухын, тынысын сезінеміз. Сондықтан халқы мен елінің алдындағы өздерінің перзенттік парызын айқын да анық түсінген, қандай да қиын-қыстау жағдайда оны адал орындаудан жалтармаған адамдар қай дәуірде өмір сүрсе де, дәйім жұртының азаматы болып қала бермек. Тарихтың қай кезеңінде болсын, олар өз ұлтының бетке ұстар мақтанышы болып келген”, дейді. Сондай тұлғалардың бірі – Мұстафа Шоқай. Ол – Алаш қозғалысының төл перзенті, Алаш идеялары мен мұраттары аясында қанаттанған, қазақ, өзбек және басқа да түркі халықтарының ұлттық бостандығы үшін күресінің стратегиясы мен тактикасын айқындаған қайраткер. 1910 жылы Санкт-Петербург университетіне оқуға түскен күнінен бастап М.Шоқай дүниетанымының қалыптасуы, бір жағынан, түркішілдік-мұсылмандық қозғалыстың (С.Жантөрин), екінші жағынан “батысшылдар” демократиялық-либералдық қозғалысының, Ә.Бөкейханов ықпалымен өтеді.

1914 жылдың көктемінде Мұстафа Петербургте оқып жүрген түркі жастарының патша өкіметінің ислам діні жөніндегі саясатына байланысты ба з бетінде жарияланған үндеуіне қатысады. Оған сол кезде империя астанасындағы 31 өзбек, татар, башқұрт, қазақ студенттері қол қояды. Мұның өзі Мұстафаның саяси қозғалысқа біржолата тартылуының, ұлттық мүдде жолындағы күрескерлер қатарынан берік орын алғандығын көрсетеді. Түркі халықтары тарапынан сөйлейтін бүркеншік діни құрылымдар мен басылымдарды ұйымдастыру арқылы патша өкі­метінің ұлт-азаттық қозғалысын іштен бүлдіруге бағытталған арандатушылық саясатының қауіптілігін жете түсінуі, ол жөнінде өз пікірін ашық білдіруі, М.Шоқайдың саяси ұйымының қалыптасып, шыңдала түскендігінің куәсі еді.

Ауыл молдасынан хат танығаннан кейін 1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына оқуға қабылданады. 1912 жылы Санкт-Петербург Императорлық университетінің заң факультетін бітірген. Ағылшын, француз, түрік, өзбек, орыс тілдерін білген. Студенттік жылдары империя астанасындағы демократиялық қозғалыстарға қатысады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
sashapustoxin
24.11.2022 23:29

1.ӘЛ-ХОРЕЗМИ-Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.

Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.

Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.

Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, географ. Бұл ғалымның өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған. Әл-Хорезми есімі оның туған елін көрсетеді – ортаазиялық Хорезм мемлекеті, ал ғалымның тағы бір лақап аты - әл-Маджуси – оның ата-тегінде зороастриялық абыз (арабша «маджус») бар екендігін көрсетеді.Әл-Мамұн (813—833) халифінің кезеңінде Әл-Хорезми Бағдаттағы Академия іспеттес «Даналық үйі» кітапханасын басқарды. Әл-Васике (842—847) тұсында Әл-Хорезми хазарларға экспедицияны басқарды. Әл-Хорезми жайында сақталған соңғы мәлімет 847 жылға сәйкес келеді.Оларға арифметика бойынша ең алғаш позициялық қағидаларға негізделген нұсқау жазылды. Сонымен қатар, оның алгебра және күнтізбе жайында трактаттары сақталды. Мұхаммед әйгілі «әл-жебр уәл-мұқабала кітабы» — «Қалпына келтіру және қарсы қою туралы кітап» кітабын (сызықты және квадратты теңдеулерді шешуге арналған) жазды, оның атынан “алгебра” атауы шықты. Оның алгебра бойынша трактатында геометрия, тригонометриялық кестелер және қалалардың ені мен ұзындығы жайында тараулар бар.Әл-Хорезми нұсқауы арифметиканың дамуына өте маңызды рөл атқарды. Автордың есімі латындалған түрінде Algorismus және Algorithmus ортағасырлық Еуропада бүкіл ондық арифметика жүйесін білдіретін болды. 1983 жылы Әлем жұртшылығы Ұлы Ұстаздың туғанына 1200 толғанын халықаралық деңгейде атап өтті.

2.НОСТРАДАМУС- ол көріпкел. Ұлты француз. Толық есімі- Мишель де Нотрдам Нострадамус. Оның айтқан болжамдарының 95% тура келген деседі . Әлемдік саяси аренаға Ленин, Сталин, Гитлер сияқты тұлғалар келетінін де алдын ала болжап біліп айтып кеткен. Ол король !Х Карлдың жеке дәрігері және француз королінің шешесі Екатерина Медачидың жұлдызшысы болған. Нострадамус 62жыл,6 ай ,12күн өмір суріп 1556ж қайтыс болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота