s2702e
25.05.2020 15:53

Айтыскер ақындар айтқан мәселелерді анықтап баға беріңіз
Құлмамбет
Жамбыл Алғашқы сөзді Құлманбет бастайды. Айтыстың негізгі мазмұны: Құлманбет Албан. Дулат руы атынан, ал Жамбыл Шапырашты руы атынан айтысқа шыққан. Алғашқы сөзді Құлманбет былай бастап өзін таныстырады:

Құлманбет – менің атым, құлан аян,
Менің құлан екенім тәңірге аян.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп
Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Жамбыл деген бар – дейді бір немесі,
Ақын болса, ол неме қайда жатыр? – деп Құлманбет дүлділ Жамбылға тиіседі.
Ақын – деп елі ардақтайды, кәне көрейін, ол «немені» - деп килігеді. Жамбылға кісі жіберіп, айтысуға шақыртып алады. Жамбыл келген соң бірінші айтқан жыр шумағы:

Болғанда жол ағадан, тон жағадан,
Арлан бөрі соғады тау сағадан.
Бас қосып бағландармен қалмақ үшін, -
Ізденіп келіп тұрмын Қарқарадан – дейді Жамбыл.
Тіпті Құлманбет Жәкеңе «сәлемің мен аманың жоқ, үлгілі орта, тәрбие көрмеген «надан» деген сөгіс айтыды. Осы жерде омақасып орға түсіп, жеңілер жерің – деп екпіндейді. Айтулы Жәкеңді ақын емес, жай көп өлеңшінің бірісің – деп намысына тиеді. Тіпті Құлманбет былай деп ақындық шабыт шақырады:

Албан аға болғанда, Дулат іні,
Сөзінде Құлманбеттің барма міні.
Албан, Дулат бәрі кеп айқай салса,
Шапыраштының не болар көрген күні?!
Қасқарау Нұрқанның жылқысын қаптатсам,
Шапырашты, сенің бұзау, танаң қырылады – деп қыр көрсетеді Құлманбет. Төрт түлік мал өргізген Көбікбай, Қарабай, Сатыбалды, Қанай есімді байларын атайды. Тіпті «алма таратқан кісіге ат берген» Тілеу – қабыл Үсенбайдай игі жақсыларын атайды. Осындай бай – бағыланың бар ма – деп Жамбылға дөң айбатын үдете түседі Құлманбет.
Жамбыл Құлманбетке алғашқы қақтығыста – ақ былай дейді:

Сөйлесем өдеңімді түптен бермен,
Құйылар сөз нөсері көктен, жерден.
Мылтықта түтеп тұрған мен бір пыстан.
Осы бір шумақ жыр жолының өзінен – ақ Жамбылдың теңдесі жоқ сөз зергері, айтыс ақыны айқын байқалады. Шабыты шалқар Жамбыл Құлманбетке: «Ажалыңа асықпай кел!» - деп сөзбен іліп тастайды. Мына тірлікте ажалға кім асықпай барған?! Осы бір сөздің өзі Жамбылдың кемел айтыс ақыны екенін бұлтартпай дәлелдейді.

Ерлігім ерлігіңе дөп келеді,
Байлығыңа байлығым еп келеді.
Кісіні дым білмейтін тапқандай – ақ,
Есіріп көрген жерден ентеледің? – деп Жамбыл Құлманбетке бір қайталанбас сөз «самалын» селдетеді. Біздің елдің жылқысын аралап шығу үшін жараулы атпен он күн жол жүресің – дейді Жамбыл Құлманбетке. Жамбыл «надан, неме» деген намысқа тиер сөздеріне «таз» Құлманбет, қу, пәлекет! – жұрт алдында орынды жауап береді.
Айтыс үстінде Жамбыл мен Құлманбет ұзын – ырғасы 10 рет сөз қақтығысына түседі. Жамбыл еліне қорған, халқына қамқор болған Қарасай, Саурық, Сұраншы, Өтеген, Сыпатай атты батырларын айтып, кісілікті, адамдықты жырлайды. Жамбылдың ұлылығы да осында жатыр. Халық – құдайдың бір аты. Халқы бардың қамы болған Халық – тарихтың қозғаушы, шешуші күші, айтулы тетік, түйіні. Осыны айқын түсінген ұлы Жамбыл Құлманбетпен айтысында:

Адамдықты айт, ерлікті айт, батырлықты айт,
Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.
Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,
Оны мақтап, әуре болмай, жөніңе қайт!
деген осынау бір шумақ жыр жолдары аталған айтыстың негізгі түйіні, қорытындысы, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болды. Құлманбет – белгілі айтыс ақыны. Ол кезінде Түбек Жанақ, Майкөт, Жамбыл, Бақтыбай секілді ақылдармен сөз айтысына түскен, айтулы сөз зергерлерінің бірінен саналады. Құлманбет Жамбылмен айтысында Албан, Дулаттың төрт күлікті тең өсірген байлық иелерін тілі жеткенше сыйпаттайды. Десе де олардың еңбекші елге жасап жатқан игілікті істерін, кісілігін, батырлығын, елдігін ынтымағын жеріне жеткізе айта алмайды. Байлық – игілікке, кісілікке қызмет етпей тұр. Елдің ынтымағы ұйыған сүттей болмай тұр. Оған ұйытқы болатын ел! – деп туған ерлер еңбегі жырланбай жатыр. Бұл айтыстағы негізгі тақырып, басты мәселе болатын. Жамбыл Құлманбетпен айтысында ел ынтымағын, жұрт бірлігін негізгі нысаны етіп, елге қамқор болған ерлерді үлгі етеді. Сөйтіп салиқалы сөз салмақты ой айтып Құлманбетті жеңеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
LeRaDrEeMuRuNdErTaLe
20.03.2021 10:12
 Кітапхана - сол мынадай әлем, қайда тым-тырыс патшалық құрады және сен толық тынымда соқ- в оқу залымды және оқып таста- сен көрінген құнтты кітаптарды білесің. Онда көп өте түрлі-түрлі кітаптардың көрінген тақырыпқа. Біз бірнәрсені немесе жазып қой- рефератты оқып тастау захотели, сол анда айналамыз. Кітапхана - сол кітаптың әлемінің, қайда сен көрінген кітап және керек ақпаратты табу білесің. Қашан біз кіреміз, кітапханаға бізге есік кітаптың осы тамаша еліне ашылады. Кітапханада стелажи кітаптармен тұрады. Олардың анда сотни, ал мыңдаған. Кітапханада біз кітап на үйді алу білеміз және аздан кейін кері ал- кейін. Бірақ к сажеления аз адам кітаптарды арада жақсы күйде қайтарады. Сол себептен біз кітапты оның кітапханасында күтуге керекке алсақ және бережно оған деген қарайды. Ғой ғана біз табу білетін бізге керек ана кітапты кітапханада. Мектептің кітапханасы жас әлем, қайда сиқыр біліммен шектеседі, қайда оңашалау болады және барлық жақсылап түсін-; қарамастан және "мегамимен" осы толқындатушы және биік өнердің кладези кітапханашы болып табылады
0,0(0 оценок)
Ответ:
lolik334
14.02.2023 15:21
Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған кент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбат жер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағы туған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын. Біздің Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Бейбітшілік пен достастықта, татулықта бірге жұмыла отырып, қызметтің әр түрлі саласында қазақтар мен орыстар, татарлар мен немістер, украиндер мен кәрістер...еңбектенуде. Мен соңғы жүз жылда Қазақстан жеріне әр түрлі халықтар қоныс тепкеніне жиі ойланамын. Біздің еліміз сияқты менің ағайыным да көп ұлтты. Бірлік, ұлтаралық келісім және саяси тұрақтылық – қазақстандықтардың қалауы. Мен оны білемін. Онда татарлар да, орыстар да, қазақтар да бар. Олардың тағдырын, өмір тарихын тыңдағанда менің елім одан сайын маған жақындай түседі, оны жақсырақ түсіне бастаймын. Біздің отбасы тарихымыз мыңдаған басқа отбасылардың тарихына ұқсас. Өмірдің қиын кездерінде, ауыр жұмыстарда, өтіп жатқан күндер мен мерекелерде әр түрлі ұлт өкілдерінің пікірі қалыптасты. А ң татулығына ұмтылу әр халықтың қанында бар, әсіресе ол қазақстандықтарда ерекше дамыған. Бұл Қазақ жерінің жомарттығынан, осы өлкелерге тағдыр алып келген барлығына құшағын кең жайып, пейілін кеңге салатын Қазақ халқының мінезінен жаралған.Осында тұрушылардың барлығы Қазақ халқының тілін, тарихы мен салт-дәстүрін білуі келек. Қазақстанда тұратын барлық халықтың татулығы мен бірлігінің мәні осында. Ол байырғыкөркем Қазақстан жерінде бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал татулық – болашақта гүлденудің маңызды талабы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота