Zubkub
03.05.2020 18:09

Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.

ХХІ ғасыр және бүгінгі ұрпақ
ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа бақыт сыйлаған кезең деп санаймыз. Ата-бабаларымыз болашақ ұрпақ үшін күресіп, бізге егемендік алып берді. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен және сол жолда зор құрбандықтарға душар болып, өз тәуелсіздігін жеңіп алды. Білімді, сауатты азаматтар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші. Шын мәніндегі бақытты кезеңде өмір сүріп жатқан жастарға өзін таныту үшін мүмкіндіктер өте көп, бұл туралы аға ұрпақ жастық жылдарда армандай алмайтын. Бүгінгі күн – талантты, жігерлі, өзіне сенетін, арманға бай және оларды жүзеге асыруға ерік-жігері бар жастардың уақыты. Бүгінгі таңда мемлекет жастар үшін барлық жағдайды жасап отыр. «Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», - деген екен Бернард Шоу. Тек оқу, күш-қуатыңды аямастан еңбек ету керек, сонда ғана ойлаған арманға жетуге болады.
​Кез келген азаматтың өмірге қойған айқын мақсаты мен арманы болады. Себебі арман мен мақсат болашаққа жетелейді. Ата-бабаларымыздың аңсап, тәуелсіздік жолында күрескен арманы орындалды-ау.
​Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың өшпес қайсар рухының арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жеткен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің тарихымызда өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас. Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға хан-сұлтандар, батырлар, қарапайым халықтың өзі де өміріні қиған. Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде әлі де жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның да септігі аз болған жоқ – студент жастардың көшеге шығып үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі барша халыққа сенім мен жігер берген болатын.

1.Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып 3 сөйлем құрап жазыңдар.
Болашақ ұрпақ, қазақ халқы, қайсар рух.
[1]
2. Мәтінді оқып, берілген сөзді өз сөзіңмен жаз
«Жастық шақ — бұл тамаша нәрсе; оны рәсуа ету қылмыс…», - деген екен Бернард Шоу СОЧ ПО КАЗ.ЯЗ 7КЛАСС 4 ЧЕТ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
tor142003
28.03.2021 06:44

отбасы - шағын мемлекет деп айтып жүруіміз текке емес. Ол, әрине, оңайшылықпен құрыл­май­тыны кім-кімге болса да белгілі. Бірақ ең бірінші адам жүрегінде соған деген таза ниет, ақ пейіл, ыстық махаббат болуы шарт. Осындай ып-ыстық, тап-таза, тұп-тұнық сезіммен, сыйластықпен шаңырақ көтерген жастардың үйі бүгінде баланың былдырына, ойыншықтың сылдырына толы. Ауыз толтырып, көпшілікке үлгі етуге тұрарлықтай отбасына қы­зық­пайтын адам кемде кем шығар, сірә?! Олай болса, ұрпақ тәр­бие­леуде ұлттық құндылықтың жібін күні бүгінге дейін үзбеудің жолын көз­деген, отбасындағы әкенің рөлін, беделін үнемі жоғары қойып, ана­ның табанында жаннат барын тәй-тәй басқан балаларына күндіз-түні айтудан шаршамаған, әр баласын еліне адал да әділ қызмет ететіндей тәр­биелеп келе жатқан

0,0(0 оценок)
Ответ:
foreveryoung5
20.01.2022 14:48
Юрий Мельниченко - грек-рим күресі бойынша Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Қазақстанның Еңбек сіңірген бапкері
Василий Жиров -  Олимпиада чемпионы, боксшы, 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Олимпиада нәтижесі бойынша Вэл Баркер кубогына қол жеткізген алғашқы қазақ боксшысы.
Александр Парыгин - Олимпиада чемпионы, бессайысшы
Ермахан Ыбрайымов - Олимпиада чемпионы, Атланта Олимпиадасының  қола жүлдегері, боксшы
Бекзат Саттарханов - Олимпиада чемпионы, 57 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота