dimakrochak
22.12.2022 22:21

Неліктен а соғысты оз колымен жасауга кұштар

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
lehareva
24.10.2021 02:25
Кеме Қазығұртқа тоқтаған соң, жылан Нұхқа келіп:
– Кемедегі тышқан тескен тесікті құйрығыммен бітедім. Ұзақ уақыт суда тұрған денем, мұздап, суық жануарға айналдым. «Жақсылығыңды қайтарамын» деп уәде еткенсің. Енді соны орында. Дүниедегі қаны ең тәтті мақұлықты қорегім ет, – дейді. Пайғамбар келіседі.
– Бірақ ненің тәтті екенін қалай білемін? – дейді.
– Масаны жұмсайық. Сол тауып келсін. Қан соратын сол ғой, – дейді жылан.
Пайғамбар масаны жұмсайды. Маса бар мақұлықтың қанын сорып көреді. Ең тәтті қан адамның қаны екен. Іздегенін тауып, кері қайтады. Жолда оған қарлығаш кездесіп:
– Ей, маса, қайда асықтың? – дейді.
– Ең тәтті қанды таптым. Соны жыланға айтпаққа асықпын.
– Иә, кімнің қаны тәтті екен?
– А ң.
– Маған да дәмін татқыз, байқап көрейін, – деп өтінеді.
– Мақұл, – деп маса тілін шығарғанда, қарлығаш тілін жұлып алады. Тілінен айрылған маса ызыңдап, Нұх пен жыланға келеді.
– Тәтті қан таптың ба? – дейді пайғамбар. Маса ызыңдап тұра береді. Ешкім тілін түсініп болмайды. Сол кезде қарлығаш келіп:
– Маса маған кездескенде құрбақаның қаны тәтті деген. Бұл соны жеткізе алмай тұр, – дейді. Жылан бір қулықтың болғанын іштей сезеді. Сосын қарлығашқа:
– Маса неге сөйлемейді? Оған не болды? – деп сұрайды.
– Бақа қанының тәттілігі сондай, маса қомағайлықпен өзінің тілін жұтып қойған, – дейді қарлығаш. Пайғамбар жыланға қарап:
– Ал, жылан, масаны жұмсап, қандай мақұлықтың қаны тәтті екенін білдің. Енді қорегің құрбақа болсын, – деп дұға жасайды да кетіп қалады. Сол кезде жылан ызаланып, қарлығашқа тап береді. Ол жалт береді. Құйрығы жыланның аузында кетеді. Содан бастап қарлығаштың құйрығы айыр болып қалыпты.
Нұхтың дұғасы қабыл болып, жылан бақаны азық етіпті. Нұх қарлығашқа риза болып:
– Ұрпағымды жыланның азуынан сақтадың. Бұдан былай көктемнің жаршысы бол! Мамыражай мезгіл сенімен бірге келсін! – деп бата береді.
Тәтті қанға ынтық болған маса содан бері адам қанына үйір болады. Ал, бақа «мені жыланға азық етті» деп, түнде маса аулайды екен.
0,0(0 оценок)
Ответ:
лёша2002z
21.01.2023 15:15

Велосипед (фр. vélocipède, шығу тегі лат. velox — жылдам, жедел және pes — аяқ) — адам күшімен қозғалатын көлік түрі.

Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тарап, қазіргі дағдылы кейіпіне дейін дамып келген. Бүгінгі күні саны 1,000,000,000-тан асатын бұл көлік әлемнің кейбір аумақтарында серуендеуге, не спортта қолданылса, көп региондарда негізгі транспорт түрі болып табылады.

Велосипедтің жалпы бейнесі, рамасының конфигурациясы, доңғалақтары, педальдары, отырғышы және тұтқасы 1885 жылы алғашқы жасалған шынжырлы нұсқасынан аса көп өзгерген емес. Әрине сол уақыттан бері, әсіресе кейінгі кезде, жаңа материалдар қолданылып, компьютері орнатылған модельдері де дамытылып, велосипедтің дизайнына айтарлықтай өзгерістер жасалды

Велосипед – жедел жүруге арналған қарапайым көлік. Ол 16 ғасырдан бастап көптеген елдердің өнертапқыштары: Г.Гантшель (Германия, 1649), Р. Ла Рошелли (Франция, 1693), Леонтий Шамшуренков (Ресей, 1752), Овенден (Англия, 1761), тағыда басқа жасаған төрт доңғалақты арба негізінде шыққан. Алғашкы екі доңғалақты велосипед Ресейде жасалды. Ефим Артамонов жасаған велосипед 1801 жылы Мәскеуде көпшілікке көрсетілді. Оның алдыңғы үлкен доңғалағы педаль арқылы қозғалысқа келетін де, артқы кішкене доңғалағы сүйемелдеуіш қызметін атқаратын. Соңынан Батыс Еуропа елдерінде әр түрлі велосипедтер (Карл Драйс, Германия, 1815) пайда болды. 19 ғасырдың 50-жылдары неміс механигі Ф.М. Фишер велосипедтің алдыңғы доңғалағына педаль кигізілген шатун орнатуды ұсынды. 19 ғасырдың аяқ кезінен бастап велосипед көптеп шығарыла бастады. Бұл кезде оның құрылысына пневматикалық шина, шарикті ішпек, болат түтіктен жасалған рама, шынжырлы беріліс, еркін жүріс механизмі, тағыда басқа енгізілді. Қазіргі велосипед үстіне ершік орнатылған рамадан, екі (кейде үш) доңғалақтан тұрады. Ол аяқ күшімен педальді беріліс арқылы қозғалысқа келтіріледі. Оның рульмен байланысқан алдыңғы доңғалағы бағыттаушы қызметін атқарады. Велосипед пайдалану мақсатына және құрылымдық ерекшеліктеріне қарай: көліктік велосипед, көліктік жеңіл велосипед, жасөспірімдер велосипеді, спорттық велосипед, балалар велосипеді және арнаулы велосипед болып ажыратылады. Көліктік велосипедтің рамасы берік, шинасы жалпақ, рулі биік орналасқан, салмағы 16 килограмм шамасында, пайдалануда барынша қарапайым болып келеді. Көліктік жеңіл велосипедтің салмағы жеңілдеу (14 килограмм) әрі шинасы жіңішкелеу, әдетте қол тежеуішпен жабдықталады. Жасөспірімдер велосипеді ересектерге арналған көліктік велосипедтің көшірмесі іспетті, құрылымы мейлінше қарапайым әрі бөлшектері үлкен велосипедтегіден гөрі кішірек келеді. Спорттық велосипедтердің тас жолға және трекке арналған түрлері бар. Олардың салмағы жеңіл (8 – 11 килограмм), камерасыз шиналары жіңішке болады; құралымдық жабдықтары легирленген болат және дюралюминий сияқты берік әрі барынша жеңіл материалдардан жасалады, рулі төмен орнатылып, қол тежеуішпен және жылдамдық ауыстырғышпен (сегіз – он сатылы) жабдықталады. Спорттық велосипедтің бір түрі – тандем. Ол екі кісіге лайықталып, қос доңғалақты және қос берілісті болып жасалады. Мұндай велосипедтің жылдамдығы сағатына 70 километрге дейін жетеді. Балалар велосипедінің екі және үш доңғалақты, сондай-ақ құрама түрлері (үш доңғалақты велосипедті екі доңғалақты велосипедке және керісінше өзгертуге болады) бар. Балалар велосипедінің шиналары тұтастай құйылып немесе үрлемелі резина күйінде шығарылады. Арнаулы велосипедтерге циркте ойнауға, жүк тасуға, қарт адамдардың жүріп-тұруына арналған бір – үш доңғалақты велосипедтер, велоарба, тағыда басқа жатады. Соңғы кезде жиналмалы велосипедтер көп тарады. Аспалы қозғалтқышпен жабдықталған велосипед мопед деп аталады.

Объяснение:

дұрыс болса лучший берші

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота