Қазақ халқының қонақ күтуі мен қонақжайлығы туралы.
Баяғы заманнан бері осы күнге дейін жеткен дәстүріміздің бірі мен бірегейі – келген қонаққа дастарқан жаю. Бұл дәстүр тек қонақжай қазақ халқына ғана тән дүние десем, артық айтпаспын, себебі үйге қандай кісі келмесін «ең болмаса нан ауыз тиіп кету керек» деген ұғым санамызда бала кезімізден қалыптасқан. Қазағым қашан да бар асылын, бар тәттісін «қонақ жесін» деп сақтаған. Қазақ халқы үшін дастарқаннан үлкен, дәмнен үлкен нәрсе жоқ. Ақсақалдар да үнемі «Дастарқан тек қуанышты себептермен жайылсын! Дастарқан мол болсын! Осындай үлкен дастарқан басында жинала берейік!» деп бата беріп, тілектерін айтып жатады.
Дастарқан жайғанда міндетті түрде ең алдымен нан қойылады. «Ас атасы – нан» деген мақал осыдан шықса керек. Ұннан жасалынған тағамдар бағзыдан-ақ ақ дастарханымыздың сәні болып келген. Қазақ өзінің шаңырағындағы кез келген жиында дастархан үстінен нанды алыстатпайды.
Сыйлы қонақ келсе, бұрынғы кезде мал сойылып, ет асылса, қазіргі заманда мал сойылмаса да, қазанды отқа қойып, қонақтың кәдесін асып береді. Күн демей, түн демей қазан асуға келгенде қарап қалмайтын қазақ аналары мен келіндері ет тамақты нақышын келтіріп дайындайды. Бүгіндері қырық күн тойын, отыз күн ойын жасамасақ та, кез келген жиында осы ас бірінші мәзірде тұрады.
Жалпы алғанда, қазақтың дастарханы – киелі нәрсе. Бұл тек жайылған шүберек немесе оған қойған ас-ауқат қана емес, бұл – адамның пейілі, ішкі жан-дүниесі, мейірім-шапағаты. Ендеше дастарқанымыз тек қуанышқа жайылсын!
Мен көгінде байрағы желбіреген тәуелсіз Қазақстанның азаматымын. Азияның кіндігінде орын тепкен, картаданойып орын алған , ұлан-байтақ жердің иесі, «қазақ» деген ұлы халық перзентімін. Осындай ұлы халықтың ұланы болу бақытына мен қалай ие болдым?«Тәуелсіздік» деген 11 әріптен тұратын сөздің мағынасы қандай терең, астары қандай кең десеңізші!Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Бір ғана сөз бейбітшілік, бақыт, сәттілік, достық, сыйластыққа жетелейді, жаныңа жылылық пен дербестікті ұялатады.Шыңын мәңгі қар басқан биік таулары, сарқырай аққан өзендері, мөлдір сулы көлдері, шет-қиыры көзге көрінбейтін жазық далалары,қойнауында ұлан-асыр кен байлықтары тасып жатқан қуатты өлке, құт-мекеннің мәртебесі жоғары, тұғыры биік. Солай дей отырсақ та бүгінгі таңдағы әлем мойындаған Қазақстанмен еркіндікті аңсаумен бодандықта болған Қазақстанды салыстыру қиын. «Өз-өзін тапқан адам өзге адамның пікіріне бағынышты болудан арылады»,- деп Георгий Александров айтқандай, еліміздің қашан да тәуелсіздікті аңсап, тәуелсіздік жолында тынбай күресуі нәтижесінде ешкімнің ықпалына көнбейтін қуатты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастадық.
Объяснение:
Тип