N4kes
06.02.2020 22:42

ХХІ ғасырдың Қазақстаны – талантты, еңбекқор, толерантты халықтың небәрі екі
онжылдықта «нөлден» бастап құрған елі. Бұл – біздің бәріміз мақтан тұтатын ортақ
жемісіміз! Бұл – біздің шексіз сүйетін ұлы туындымыз!
Біз қазақстандықтардың ел болашағының тұтқасын нық ұстауы үшін «Қазақстан-
2050» Стратегиясын қабылдадық. Бүгінде көптеген табысты елдер – Қытай, Малайзия,
Түркия ұзақмерзімді жоспар бойынша жұмыс істеуде. ХХІ ғасырда стратегиялық
жоспарлау ең өзекті қағида болып саналады. Егер ел өз бағыты мен баратын айлағын
білмесе, ешқандай жел оңынан соқпайды. 2050 Стратегиясы айқын шамшырақ секілді
басты мақсатымыздан көз жазбай, азаматтарымыздың күнделікті тіршілігінің мәселелерін
шешуге мүмкіндік береді. Бұл біздің 30-50 жылда емес, жыл сайын халық тұрмысын
жақсартатынымызды білдіреді.
Стратегия – күннен күнге, жылдан жылға елімізді, қазақстандықтардың өмірін
жарқын ете түсетін нақты практикалық істер бағдарламасы. Бірақ нарықтық жағдайда
аспаннан нәпақа күтпей, тиімді еңбектену керектігін әркім-ақ түсінуі тиіс. Мемлекеттің
міндеті – осыған барлық жағдайды жасау. Мен әлемнің озық елдері арасындағы
Отанымыздың лайықты Болашағы ғана қазақстандықтарды мәңгілікке біріктіретініне
сенімдімін.
1. «Қазақстан-2050» Стратегиясы нені білдіреді? Что означает Стратегия
«Казахстан-2050»?
А) Еліміздің күштілігін
В) Жыл сайын халық тұрмысын жақсартатынымызды
С) Президенттің күштілігін
Д) Қоғамның өмірін

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
DarthMalgus
10.09.2022 12:48

Көптілділік – заман талабы.

Ана тілің арың бұл,

Ұятың болып тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте

деп ХХ ғасырда Қадыр Мырза Әлі айтқандай, ХХІ ғасырда кем дегенде

Үш тіл білу – заман талабы. Орыс тілі мен ағылшын тілі қарым-қатынас тілдері болып есептеледі. Оларды білу- көптік етпейтіні ақиқат. Көптілді меңгерген жастардың алар белестері биік. Сондықтан жастарға көптілді меңгеруге жағдай жасалуы керек.. Көптілді меңгерген азамат өзін-өзі әлеуметтік және кәсіби билеуге қабілетті. Ал мемлекеттік тілді білу-парыз. Бүгінде елімізде ағылшын тілді үйрену ісіне ерекше мән берілуде

0,0(0 оценок)
Ответ:
малика225
21.04.2022 02:38

Менің сүйікті тағамым

«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.

Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.

Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.

Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.

Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота