катя5092
21.12.2021 02:21

5-тапсырма. Мәтіндегі (4-тапсырмадағы) бірнеше сөздің түбірі мен қосымшасын ажыратып, нормаға сай жазылып тұрғанын түсіндіріңдер. Кітап, 156-бет. Жоңғар Алатауының бөктерінде терең із бар. Бұны, қазақтардың айтуына қарағанда, құлан-дарды қыру үшін Жәнібек хан қаздырған екен. Ханның жас баласы атқа отыруға үйреніп жүрген кезінде оның атын құландар өз үйіріне ілестіріп әкетіп, баласы қаза тауыпты. Содан кейін Тарбағатайдан Ілеге дейін ор қаздырып, Жоңғарияның барлық құланын соған құлатып өлтіріпті. Қазіргі уақытта Жоңғарияда екі түрлі халық тұрады. Буряттар немесе нағыз қырғыздар және үйсін деп аталатын Ұлы жүз қазақтары. Көптеген қырғыз-қазақтардың ертегілерін, мифтерін, эпос, жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың Еуропа халықтарының, әсіресе славяндардың сол сияқты шығармаларына ұқсастығына таңғалдым...​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tima908
15.02.2021 12:27
Тойдың болғанынан боладысы қызық.

Қой жүрген жер береке,
Қыз жүрген жер мереке.

Батыл жігіт жол бастар,
Ақын жігіт той бастар.

Берекесіздің аулы мерекесіз.

Шақырусыз тойға барғанша,
Таяқ ал да қойға бар.

Гүлсіз болса жер мұңды,
Күлкісіз болса — ел мұңды.

Күлкі ашылған гүл,
Көңіл — шашылған нұр.

Той дегенде қу бас домалайды.

Тойға барсаң тойып бар,
Қомағайлықты қойып бар.

Тойға барсаң тойып бар,
Торқа тоның киіп бар.

Тойға барсаң бұрын бар,
Бұрын барсаң орын бар.

Сұлулық тойда керек,
Махаббат күнде керек.

Көппен көрген ұлы той.

Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Diannata
16.03.2022 22:52


Аяғын үзеңгіге салып, арғымақты жалынан ұстап өмір жолындағы өз соқпағын таңдауға тәуекел еткен, айналайын талапкерлер, егер сендер журналистика әлемінің табалдырығынан аттап, есігінен енеміз десеңдер, бұл кәсіптің түбіне дейін терең бойлап, орта жолдан кері қайырылмайтындай арғы-бергісін таразыға тартқандай салмақпен ойлап барып шешім қабылдағандарың дұрыс.

Рас, алғашында журналистика адамды магнит тәрізді өзіне тартып алады. Газет-журналдарда жарық көрген мақала соңындағы аты-жөнің, радио эфиріндегі сөйлеген сөзің, яғни, әдеттен тыс ерекше естілген үнің, көгілдір экрандағы көрерменмен бетпе-бет келетін болмыс-бітімің – бәрі де талапкер үшін таңғажайып тартымды құбылыстар. Тіпті, арманыңа жол ашатын табыс кілті десе де болғандай. Бірақ, журналистика тек осынау жүрек тебірентер жағымды өмірлік құбылыстардан ғана тұрмайтынын, оның одан да өзге егжей–тегжейі мен қыр-сыры, күнгейі мен теріскейі, жотасы мен белесі, асуы мен асқары бар екенін ескерген абзал. Ал тек қана жігерлендіретін, қайратыңа қайрат қосып, қиялыңа қанат бітіретін кілең жағымды құбылыстар журналистиканың төл табиғатын, бар болмысын түгел қамти алмайды.

Себебі, журналистің бармайтын жері, баспайтын тауы, ашпайтын есігі, кірмейтін тесігі қалмайды. Журналист өмірдің ғажабын да, азабын да, қоғамның жақсылығын да, жамандығын да жазады. Қажет болса (егер кейіпкері түрмеде болса түрмеге, жындыханада болса жындыханаға, т.с.с) өртке де араласады, сотқа да кіріседі, ұрыс-шатаққа, қылмыстық оқиғаларға да, саяси шараларға да, өлім-жітімге де араласады (тіпті, өз шындығын қорғау үшін соттасуы да мүмкін, репортаж жүргізу үшін соғысқа баруы да ықтимал, керек болса өлімге де бас тігеді). Өйткені журналист бал арасына ұқсап, өзіне қажет ақпаратты жер-көкті кезіп, шартарапты шарлап, тірнектеп, теріп жүріп жинайды. Сол ізденістің барысында небір керемет ләззат алатын таңғажайып тамаша сәттерді, сонымен қатар, адам айтса сенгісіз сұмдық оқиғаларды, қилы-қилы күрделі процесстерді бастан кешіреді. Қызмет бабындағы кәсіби бәсеке – өз алдына бөлек дүние. Өздерің білесіңдер, басқа сала өкілдерін былай қойғанда экранда да эфирде де «жұлдыздардың» микрофонға жармасып, жүргізушілікке таласатыны – факт. Сонымен, БАҚ мінберіне барар жолдағы белестер жайлы кеңестер:

1. Тек қана шындықты айт; 2. Алған бетіңнен қайтпа, түбіне жетпей тынба, қысқасы – «қадалған жеріңен қан ал»; 3. Әдептілік әлемді бағындырады, әрдайым әдепті бол; 4. Батыл бол, қорықпа! (Аққа құдай жақ); 5. Мақтау естісең де, сынға ұшырасаң да кітапқа жүгін (ең сенімді дос сол); 6. Кез келген ақпаратты жария етпес бұрын тексеріп ал («Басқа бәле-тілден»); 7. «Ой қайталама, сөз қайталама» (Профессор Омашевтың теориясынан), т.с.с. толып жатқан толғамдар бар, қалғандарымен оқуға түскен соң дәріс кезінде танысасыңдар.

Сонымен, «Ата алмасам, маған-серт, атылмасаң саған-серт» деп аңшының мылтығымен серттескеніндей қазақ журналистика қарашаңырағының табалдырығынан аттамас бұрын бұл киелі кәсіпті басы бүтін таңдап, біржолата және түбегейлі шешім қабылдағаннан кейін есіктен ене бер. Ал «нар тәуекел» деп басынан сөз асырмаған бабалар жолын таңдап, босағадан аттаған екенсіңдер, демек, ұлттық журналистиканың қамын күйттейтін, шындық үшін шырқырайтын, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, ақпарат үшін ішкен асын жерге қоятын алған бетінен қайтпайтын, шындықтан басқаны айтпайтын радио мен телевизияның эфиріндегі қайтпас қарагер, басылымдар мен интернет сайттарындағы мәселені тарқатса түйінін шешіп айтатын, керек жерін дөп басып, кесіп айтатын көсем, шешен журналист болатындарыңа сене бер!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота