Еліміздің мұратына айналған «Мәңгілік ел» идеясы - халықтың әл-ауқатын жақсартып, ынтымағын арттыратын, елді дамудың жаңа сатысына жетелейтін жаңа қадам. «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауының негізі етіп алып, бұл туралы өз сөзінде: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деген болатын. Халықты бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасының бұл жолдауында ел халқына үлкен жауапкершілік жүктелген.
1,Қалдықтар мәселесі қазіргі қоғамда маңызды мәселелердің бірі болып табылады және оның тиімді шешімдерінің бірі-қалдықтарды бөліп жинау. Алайда ең тиімді таптырмас жолы – қайта өңдеу.
2,Қоқыс полигондары пластмасса, пластик, полиэтилен, қағаз, құрылыс материалдары қалдықтарын қабылдамайды және сақтамайды. Сондықтан облыстағы үш қалада барлығы 200 контейнер орнатылған еді. Пластиктен жасалған заттар, бөтелкелер, қақпақтар, қолданыстан шыққан шамдар, батареялар, құрылыс материалдары мен басқа да қоқыстар жеке-жеке жиналуы қажет.
3,Осыған орай, мәселені шешу үшін төмендегі ұсыныстарды жолдаймыз:
1) Өндірістік-тұрмыстық қалдықтарды өңдеуді заңмен міндеттеу керек;
2) Кәсіпорындарға мемлекет тарапынан субсидиялау сияқты қолдау шаралары қажет
3) Қоқыс жинау орындарының оңтайландырылған типтік жобасын әзірлеу қажет.
Объяснение: