Ежелгі Қазақстан — қазіргі Қазақстан жерін ежелгі а бұдан 1 миллиондай жыл бұрын мекен еткен.
Ежелгі Қазақстан.jpeg
Қола дәуірінде Сібірдің, Жайық өңірінің, Қазақстан мен Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегі және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендеді. Бұл тайпалар өзінше бір үлгідегі жарқын мәдениет қалдырды. Мұны ғылымда Андрон мәдениеті деп атайды. Ерте темір ғасыры дәуірінде (біздің заманымыздан бұрынғы I мыңжылдық ортасы) Қазақстанда тайпалық одақтар қалыптасты. Қазақстанның оңтүстік, шығыс және орталық аудандарын мекендеген тайпалар сақ тайпалар одағына, ал батыс, солтүстік аудандарындағы тайпалар савроматтар тайпалық бірлестігіне бірікті. Біздің заманымыздан бұрынғы 3-ғасырда Қазақстан жерінде кейбір тайпалар өз мемлекетін құрып, алыс-жақын елдермен саяси қарым-қатынастарға түсті. Олардың алғашқылары сюнну (ғұндар) болатын. Зерттеушілер ғұндарды түріктердің арғы ата-бабалары деп есептейді. Бұл бірлестікті Мөде басқарған кезде ғұндар бүкіл әлемге танылды. Ғұндардың батысқа жорығы “Халықтардың ұлы қоныс аударуына” түрткі болды. Жетісуда ежелгі тиграхауда сақтарының жерін мұра етіп алған усундер (үйсіндер) біздің заманымыздан бұрынғы 160 ж. шамасында Іле алқабында өз мемлекетін құрды. Олар Қаңлы мемлекетімен шектесті. Бұл тайпалар құрған мемлекеттер Қытай, Парфия, Рим және Кушан империясы сияқты елдермен саяси, экономикалық және мәдени байланыс орнатқан.
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров
Жақсылық Әмірәліұлы Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Тегістік ауылында дүниеге келген. Мектеп бітіргеннен кейін зоотехникалық мамандықты қалап, Семейдің мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. 1974 жылы институтты тәмамдап, республикамыздың астанасы Алматы қаласына келеді. Мұндағы мақсаты елімізге еңбегі сіңген жаттықтырушы В.А. Писаревтің басшылығымен спорттың күрес түрімен тереңірек айналысу болатын. Бала кезінде қазақша күреспен, ал классикалық және еркін күреспен институт қабырғасында оқып жүрген кезінде айналыса бастаған болатын. 1970 жылы жаттықтырушы Рома Хасанович Ильматовтың кеңесі бойынша өзіне таныс емес күрестің жаңа классикалық түрімен айналыса бастады. Арқадан асырып лақтыру әдісін жақсы меңгереді. Күрес кезінде қарсыласын дәл бағалай біліп, әлсіз жақтарын сезіп, нәтижесінде өз пайдасына шешетін. Ұпайы қанша жоғары болып тұрса да, ойын аяғына шейін жеңудің ыңғайлы жақтарын іздеумен болатын. Бір жылдан кейін 1975 жылы Алматы қаласында өткен алтыншы жазғы халықтар Спартакиадасының Жақсылық үшін маңызы зор болды. Еліміздің ең таңдаулы күрескерлерімен белдесіп бәрін жеңіп шығып, Спартакиада чемпионы болып, өміріндегі алғашқы алтын медалін жеңіп алды. Ж. Үшкемпіров еліміздің чемпионатының жеті дүркін жүлдегері болды.