Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін» - деп, алдағы уақытта қазақ тілінің мәртебесі артатыны туралы жариялады.
2019 жылы Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мәресіне жетті.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.
Бағдарламаның мақсаты: қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Мемлекет әрбір азаматын қазақ тіліне оқытуға мүдделі. Бұл үшін қомақты қаражат бөлінуде.
Қазақ тілін оқыту курстары көюейуде
Атырау облысының жер қойнауында шөгінді қабаттармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар көп. Олардың ішінде қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Қазірдің өзінде 70-тен астам мұнай, мұнай газ және газ конденсатының кен орындары ашылып отыр. Ал 34 кен орнында бұрғылау жұмыстары жүргізілуде.
Облыстың оңтүстік-шығысында шоғырланған карбонат жыныстарының мол аймағынан ондаған жылдар бойы игеріліп, қазақ елінің мұнай-газ өндірісінің негізі болып табылатын бұрынғы кендерге қосымша соңғы жылдары аса ірі Теңіз мұнай кен орны ашылып, оңтүстік- батыста Имашев газ конденсатының орны анықталды. Бұл кен орындары облыс қойнауында флюидалдық құрылым сипатының ерекше етек алуының белгісі. Карбонның терригендік шөгінділерінен Тортай және Кеңістік кен орны ашылды. Шөлқара, Мәткен, Сарыбұлақ, Үлкентөбе, Қарашүңгіл, Үшмола құрылымдарындағы тұз астылық терригендік және терригенді-карбонатты шөгінділерден өндірістік маңызы бар мұнай көздері табылды.
Объяснение: