«Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?» тақырыбына диалог құрастыру.
Тілші: Сәлеметсіздер ме, құрметті телекөрермендер! Назарларыңызға еліміздегі «Қазақ туризм» ұлттық компаниясының төрағасы Серік Амантайұлымен «Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады» деген сұхбатымызды ұсынамыз.
Құрметті, Серік Амантайұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да еліміздің туристік ахуалына ерекше назар аударған болатын. Соңғы жылдары ел үкіметі туризм саласын дамытуға негізделген мақсаттарды айқындап, әсіресе, бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу страгетиясы бойынша нақты міндеттемелер жүктеп отыр. Сіздің ойыңызша, еліміздегі туризмді дамыту үшін қандай іс – шараларды қолға алу керек?
Серік Амантайұлы: Менің ойымша, алдымен визасыз режим тізіміндегі елдер тізімін арттыру қажет. 2019 жылдың қыркүйек айында Қазақстанға азаматтары визасыз кіре алатын мемлекеттердің тізімі 12 елмен толыққан еді. Бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын.
Тілші: Демек, туристерге ашық, қолайлы мемлекеттің бар екенін барлық жерде насихаттау қажет.
Серік Амантайұлы: Ия, дұрыс айтасыз. Еліміздің туристік әлеуетін арттыру мақсатында «Қазақ туризм» компаниясы құрылған болатын. Біздің басты міндеттеріміз – шетелде Қазақстанды насихаттау және туризм саласына инвестиция тарту.
Тілші: Халық¬аралық сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазіргі кезде туризм әлемдік экономикадағы қарқыны төмендемейтін саланың біріне жатады. Жалпы, еліміздегі туризмнің жағдайы мен болашағы туралы не айтасыз?
Серік Амантайұлы: Туризм соңғы жылдары ең табысты бизнестің біріне айналып отыр. Қазақстан аумағында өткізілген ЭКСПО 2017 халықаралық көрмесі туризм саласын дамытуға зор үлес қосты. Еліміздің бірегей мәдениеті мен табиғаты, ұлттық тағамдары мен сусындары – осының бәрін туристтерге еасихаттауымыз керек.
Тілші: Серік Амантайұлы, сұхбатыңызға үлкен рахмет!
Абай Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз.
Жамандық көрсең нәфрәтлі,
Суытып көңіл тыйсаңыз.
Жақсылық көрсең ғибрәтлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз?
Болмасаң да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз,
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз?
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл берсеңіз.
Білгендердің сөзіне
Махаббатпен ерсеңіз.
Ақыл сенбей сенбеңіз,
Бір іске кез келсеңіз.
Ақсақал айтты, бай айтты,
Кім болса, мейлі, сол айтты –
Ақылменен жеңсеңіз.
Надандарға бой берме,
Шын сөзбенен өлсеңіз.
Аят, хадис емес қой,
Күпір болдың демес қой,
Қанша қарсы келсеңіз.
Көп орында көріне айтпа,
Біздің сөзге ерсеңіз.
Мұны жазған кісінің
Атын білме, сөзін біл!
Осы жалған дүниеден
Шешен де өткен не бұлбұл,
Көсем де өткен не дүлдүл.
Сөз мәнісін білсеңіз,
Ақыл – мизан, өлшеу қыл.
Егер қисық көрінсе,
Мейлің таста, мейлің күл.
Егер түзу көрінсе,
Ойлап-ойлап, құлаққа іл.
Ақымақ көп, ақылды аз,
Деме көптің сөзі пұл.
Жақынның сөзі тәтті деп,
Жақыным айтты дей көрме.
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге.ерме.
Сізге айтамын, қаупім - бұл.
Өзің үшін үйренсең,
Жамандықтан жиренсең,
Ашыларсың жылма-жыл.
Біреу үшін үйренсең,
Біреу білмес, сен білсең,
Білгеніңнің бәрі - тұл.
Сөзіне қарай кісіні ал,
Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.
Мұны жазған білген құл –
Ғұламаһи Дауани,
Солай депті ол шыншыл.
Сөзін оқы және ойла,
Тез үйреніп, тез жойма,
Жас уақытта көңіл - гүл