Мамаев қорғаны Волгоград қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Волгоградтың негізгі бөлігі арқылы басқарылған және әскери топографиялық картада Биіктік-102,0 деп аталатын Мамаев қорғаны Сталинградтық фронттың жалпы қорғаныс жүйесінің негізгі түйіні болып табылған. Волга жағалауы үшін күресте ол қорғаныс кілті болған. Бұл жерде 1942 жылдың соңғы айларында өте қауіпті қақтығыс болған. Қорған баурайлары бомба және снарядтармен бүлінген, топырақтары метал қалдықтарымен араласып кеткен. Нақ Мамаев қорғанында 1943 жылы 2 ақпанда Сталинградтық шайқас біткен. Батыр қалаға ұлы соғыс құрметіне қақтығыс бітісімен-ақ ұлы ескерткіш қою ойға келген. Үлкен көлемді ескерткішті салып жүзеге асыру үшін бірнеше уақыт керек болған. Ескерткіш құрылысы 1959 жылы мамыр айында басталып, 1967 жылдың 15 қазан айында аяқталған және осы Сталинградтық шайқасқа арналған ескерткіш-ансамбльдің салтанатты ашылуы сол күні болған. Жоғары монументальдық өнердегі ескерткіш авторлық ұжымның ресей халқының батырлығын көркем мүсіннің әр түрінде және оның сәулеттік, табиғи түрде көрсетулеріне қол жеткізген. Мамаев қорғанын көрген әрбір адамға жақсы әсер қалдырары сөзсіз. Әйгілі Евгений Вучетич деген мүсіншінің қалаған "Родина-мать зовет!" мүсіндік-ескерткіштің биіктігі 85метрді құрайды. Сонымен қатар, пирамидалық байтерек Аллеясы, Руины-қабырғалары және Өлімге қиылған алаңы, Әскери атақ Залы да ұмыт қалмайды. Бүгінгі таңда "Сталинградтық шайқас батырлары үшін" тарихи-мемориалды жиын Ресейдегі ең адам көп көрушілердің қатарына жатады. Ол жыл бойы демалыссыз тегін жұмыс істейді.
ШоқанУәлиханов (шын аты - Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы (қараша, 1835, Құсмұрын бекінісі, қазіргі Қостанайоблысы, - сәуір, 1865, Алтынемел, қазіргі Алматыоблысы) - қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, этнограф, географ, фольклорист, ағартушы, демократ. Омбының кадет корпусын бітірген (1853), Петербург университетінің тарих-филология факультетінде лекция тыңдаған (1861-1862). Арғы атасы - Абылай. Оның үлкен ұлы Уәли (1741-1821) - Шоқанның туған атасы. Уәли өліп, әкенің бас мұрагері - оның үлкен ұлы Ғұбайдолла (Абайділда) Сібірге айдалып кеткендіктен, хан шаңырағы хандық, билік Уәлидің кіші әйелі Айғанымда қалды. "Уәлидің бәйбішеден туған балалары әкесінің Ресей қол астына қарағандығын мойындағысы келмей жатқанда, Айғаным мен оның балалары Ресейге адал ниетін сақтап қалды. Уәлиханның осы жесіріне Александр І аса бір ықылас білдірді. Сөйтіп, қазақ даласында оған сәулетті үй салып беруге әмір етті, сол үйде Шоқан Уәлиханов туып еді", - деп жазды П. П. Семенов-Тянь-Шанский. Балалық шағы әуелі Құсмұрында (әкесі аға сұлтан болғанда), кейін Көкшетаудағы ата мекені Сырымбетте халықтың қайнаған ортасында өткен. Уәлиханов жас күнінен тарихи өлең, жыр, аңыз, әңгімелерді қызықтап, соларға құлақ түріп өскен. Тіпті Құсмұрындағы шағының өзінде "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" жырын жазып алғаны бар. Сырымбетте аңыз, жырлар сюжетіне сурет салатын болған. Сөйтіп, табиғатынан алғыр, зерек баланың рухани бағыт-бағдары ерте қалыптаса бастайды. Ш. Уәлиханов әуелі Құсмұрында қазақ мектебінде оқып, арабша хат таниды. Дәстүр бойынша "жеті жұрттың тілін білуге" тиісті хан баласы Шығыс тілдерінен араб, шағатай тілін жасынан жақсы үйренген, кейінірек Орта Азияның түркі тілдерін меңгерген. 1847 жылы күзде 12 жасар Шоқанды әкесі Омбыға әкеліп, орыс достарының көмегімен Омбы кадет корпусына оқуға орналастырады. Сібірдегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелетін бұл корпус, декабрист А. Завалишиннің сөзімен айтқанда, "ағартушылық пен патриотизмнің өркен жайған жері" болатын.