Ауыз әдебиетінің бағы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры. Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбырыға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақбатырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады.Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақбатырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақбатырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады. Әрине батырлар жырындағы оқиғалардың тарихпен жанасымы өзінше болады.
Бір жыр бірнеше ғасырды аралап, жүздеген жыршы-жыраулардың аузынан өтетіндіктен, онда әр ғасырдағы тарихи фактілер араласа жүреді. Сөйтіп, батырлар жырында "әр дәуірден құралған кезеңнен” алынған батырдың жиынтық бейнесі тұлғанады. Батырлар жырының бай идеялық мазмұнына сай сюжеті мен композициясы да өзгеше келеді. Бір оқиғадан екіншісі туып, кейіпкерлердің іс-әрекеті, қимылы жүйелі дамып отырады. Батырлар жырының өлеңдік құрылысы көбіне жеті, кейде сегіз және он буынды болып келеді. Жыр тармақтарындағы өлең өлшеміне қарай араласып, ауысып та келе береді.
Объяснение:
Отан отбасынан басталады.
Қазақ халқында «Отан отбасынан басталады» деген терең мағыналы сөз бар. Шындап келгенде, әрбір отбасы қоғамның бір бөлшегі, шағын Отан. Отбасы – әрқайсымыз үшін сүйіспеншілік, сыйластық, жарастық, татулық орнаған қасиетті мекен. Осы кішігірім «Отанымызда» бойымызға дарыған тәлім – тәрбие, елімізге, жерімізге деген сүйіспеншілік, ар – намыс қағидалары өмір бойы бізді жетелеп жүреді. Себебі, отбасының бала тәрбиесінде алар орны ерекше, баланың қалыптасуы отбасынан бастау алады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді. Ата мен ананың тәрбиесі қатар жүрген жерде жақсы азамат қалыптасатыны сөзсіз. Осы ретте ойыма «Ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеде» деген мақал түсіп отыр, яғни халқымыз ұл баланың да, қыз баланың та отбасынан бастау алатын тәлім – тәрбиесіне аса мән берген.
Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқадай ешнәрсемен өзгертуге (ауыстыруға) болмайтын баспалдақ. Отбасы – адам өмірінің тірегі ғана емес, қоғамның да басты негізі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай.
Не болса да Отанның бір бөлшегі – отбасыңа ештеңе де жетпейді! Өйткені отбасы – табиғаттың әр адамға сыйлаған керемет бір сыйы! Соны мәңгі есте сақтап, ұмытпаған жөн!