13SCHOOL13
13.01.2023 13:16

Тапсырма
Мәтінді оқып , төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап, төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы. Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді, шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.

Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей.
— Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa, бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап, физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді.
— Мұратжан-ау, мынауың не?
1. Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін атаңыз.

2. Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын ұсыныңыз.

Бағалау критерийі Тапсырма
№ Дескриптор
Білім алушы
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды 1 кейіпкерге қатысты 4 себепті анықтайды;
1-себеп
2-себеп
3-себеп
4-себеп 1
1
1
1
жалыпадамзатқа ортақ 1 мәселені анықтайды; 1
мәселенің 3 салдарын анықтайды; 1
мәселенің нақты 2-3 шешу жолын ұсынады; 2
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып, ортақ идеяны түсіндіреді 2 графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстырады; 1
ортақ идеяны түсіндіреді.
Барлық 9

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Vladik451051
02.06.2022 10:59

5. Д)теңеу,темір сауыт,теңеу

6.Аяз би туралы айтылатын ертегі-аңыздардың бәрінде дерлік Жаман қойшының Мадан хан сынынан өтуі, үйленуі, ханның күншіл, ақылсыз қырық уәзірін өлімнен құтқаруы, оның даналығын, достыққа адал, сертке беріктігін, әділдігін мойындаған хан өз тағын беруі сөз болады. Жаман хан болғаннан кейін де жыртық тоны мен жаман тымағын хан сарайы босағасына ілдіріп қояды. «Кей-кейде хандық тақтың буымен көңілім тасып, асып бара жатқандай болсам, соған көзім түседі де, тез тәубама келемін» дейді екен. Сөйтіп ол жыртық тоны мен жаман тымағын көрген сайын тәубасынан жаңылмай, өзіне-өзі: «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» деп отыратын болған.

7.Біріншіден, имансыздар. Яғни олар Тәңірінің барлығына, О дүниеге, О дүниеде Тәңірі тарапынан болатын сұрауға сенбейтіндер.

Екінші, олар қазақша сөйлегенмен, қазақтың тілін, мәдениетін, дәстүрін сыйламайтындар. Оларды өзінше жамандап, «ескінің көзі» деп қарайды.

Үшінші, адамды киіміне, байлығына, жылтыр сөзіне, дүниесіне қарап сыйлайтындар.

Төртінші, рушыл, жүзшіл болады. Өзінің үйінің жанындағы туысы аштан бұратылып жатса да, оның жағдайын сұрауға бұрылмайтындар.

8.Достық – адамға ең керек байлық. Доспен бірге өмірдің мәні де, сәні де кіреді. Сондықтан жығылғанда жұбаныш, қуаныш үстіне қуаныш болар дос табу қиын. Ал Әл-Фараби адал досты таңдай біл деген бұл сөзіне толықтай қосыламын. Ол дос өз теңім деп тапқаның болуы керек. Сені құлдырататын емес, биікке, жетістікке өзімен бірге жетелейтін досың болсын деп кеңес берген.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Ответ:
ArtyomFoshan
18.01.2021 03:47

Құрметті Асылхан

Сәлем Асылхан!Қалың қалай,не істеп жатырсың?!Мен жаңа пәтерге көштім.Ол пәтер өте әдемі,ықшам.Менің пәтерім үшінші қабатта орналасқан.Нөмірі жиырма бесінші пәтер.Өзінің балконы да бар.Өте керемет,қолайлы,көрікті.Балконы өте үлкен.Пәтерде бес бөлме бар.Ең қызығы пәтерде субұрқақ бар екен.Ия,бұл шын,таңғалып отырған шығарсың.Мен де басында сенбеп едім.Субұрқағы үлкен емес.Шағын,кішкентай десек те болады.Егер сен келсең қуанып қалар едім.Далада саябағы бар.Сол жерде бірәз әңгімелесіп отырар едік.Сені күтемін.Ертең сағат он екіде сені күтемін.Райымбек даңғылы,Сәтпаев көшесі.Сау бол!

Сәлеммен Данияр.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота