Arslan08Kalmuk
24.03.2020 16:47

Оқылым. Мәтінді түсініп оқыңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Tiiiddj
06.07.2020 01:24
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Агентство10203040
22.06.2021 04:08

1)

Табиғат

Қазақ кӨшіп-қонып Өмір кешкен халық. Олар көшіп жүріп жер бедерінің сан

алУан түрін кездестіретін және соның әрҚайсысына ат қойып отырған. Ал бҰл

кӨріністермен ерте кездегі Қазақ балалары туа таныс болатын. Өйткені бҮкіл

тіршілігі табиғат аясыНда өтетін еді.

Табиғат демеКші, әлемде табиҒаттай күрделі, құдіретті, бай нәрсе жоқ. Ол

адамнан бастап, өлі-тірі заттыҢ бәрін де жарата алады және шетінен жойып та

отырады. МысАлы, жанды зат Өледі, өсімдік шіриді, тас үгіледі, сөйтіп,

топыраққа айналады. Сондықтан да дҮниедегі ең асыл зат топыраҚ десек,

қателеспейміз. Өйткені әлемдегі бар затты бойына сіҢіретін де, оны қайтаратын

да – топырақ. ТопыраҚтан сан алуан өсімдІктер: шөптер ағаштар, жемістер,

дӘнді дақылдар, гҮлдер т.б. өз қажетін алып, өсіп шыҒады.

БайҚап көрсек, жер атымен атаУы осындай бір ерекшелігІне немесе бедеріне

қарай аталады екен.

БұрынҒы ауыл балалары бҮгінгідей ғылыми зерттеп білмесе де, көзімен кӨріп,

ортасында өсЕтін. Бір сөзбен айтқанда, табиҒатты туа танитын.

2)

Табиғат:

3 буын, 2 ашық, 1 бітеу буын.

Ашық -та. Ашық-би. Бітеу-ғат.

7 әріп, 7 дыбыс

Т-дауыссыз, қатаң;

а-дауысты, жуан, ашық, езулік;

б-дауыссыз, ұяң;

и-дауысты, қысаң, жіңішке, езулік;

ғ-дауыссыз, ұяң;

а-дауысты, жуан, ашық, езулік ;

Т-дауыссыз, қатаң.

2.1)

Өсімдік:

1 ашық, 2 бітеу.

Ө-ашық, сім-бітеу, дік-бітеу.

7 әріп, 7 дыбыс.

Ө-дауысты, ашық, еріндік, жіңішке;

с-дауыссыз, қатаң;

і-дауысты,қысаң, езулік, жіңішке;

м-дауыссыз, үнді;

д-дауыссыз, ұяң;

і-дауысты, қысаң, жіңішке, езулік ;

к-дауыссыз, қатаң.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота