Менің болашағым өз қолымда
Қазақстанның болашағы қазіргі жастардың қолында. Оны Елбасымыз өз жолдауында анық айтып көрсетті. Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты.
Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауының мәні де, маңызы да бөлек. Бұл Жолдау ел дамуының белгілі бір асуын бағындырып, келесі асуға бет алуын көрсеткендей әсер қалдырды. Елбасы даму көкжиегімізді 2050 жылға дейін ұзартып отыр. Ел Үкіметі мен халықтың алдына нақты міндеттер қойды.
Мен өз арманымды ел арманымен ұштастырамын. Қай елдің болмысын қоғамдағы басты қаруы дін мен тіл. Ата-бабамыздан келе жатқан ұлағатты сөз бар: «Жаным-арманымның садағасы», яғни үлкен адамгершілік, шындық, ар-ұят жаннанда жоғары. Ал рухы биік ұрпақ –елдің нық тұрған тірегі іспетті. Тілсіз ел болмайды. Тіл құрыса, ел де, бүкіл ұлт та құриды. Ана тілін болашаққа қаймағын бұзбай апару менің қолымда. Мен өзім ана тілім- қазақ тілінде жүйелі, көркем сөйлегенді ұнатамын. Келешекте сол тілді келер ұрпаққа насихаттаймын. Сөйтіп, рухы биік, тілін қадір тұтатын ұрпақ тәрбиесін жалғастырғым келеді. Ұрпақ тәрбиесі өте күрделі мәселе. Жақсы тәрбиеленген, терең білім алған ұрпақ қана тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлемге таныта алады. Қазақ жері- кенге бай, бірнеше ұрпағына жетер мұнай қоры бар, табиғаты әсем өлке. Сол игіліктерді өз мақсатымызға қолдану үшін орынды игере білетін, төкпей-шашпай ел игілігіне жұмсайтын, білікті маман болуымыз керек. Әрбір іс-әрекетті бұның соңы қалай болады деп үлкен жауапкершілікпен істеу керек. Сонда барып әр іс өз нәтижесін беріп, аяғы да жақсы болар еді.
Қойшы бала мен күшік
Бір бағыланды сойғызып,
Іргеге жастық қойғызып,
Үйіне болыс кеп отыр.
Кұйрыққа бауырды астарлап,
Пыс-пыс етіп қос қолдап,
Сылқылдатып жеп отыр.
Қасындағы хатшысы,
Алаңғасар атшысы -
Олар да асап жатыр-ау.
Поштабайың - пақырың,
(Асасаңшы ақырын!)
Қақалдың ғой, батыр-ау!
Бәйбіше мен бай да тоқ,
Қонақтан күтіп пайда жоқ.
Өз табағы өзінде...
Бір бала отыр анадай,
Беті-қолы қара май,
Кезі болыс көзінде.
Катқан тоңы қаудырап,
Табаққа көзі жаудырап,
Отыр бала есікте.
Аузы толған түкірік,
«Кет!»- деп қояды жекіріп
Қатар тұрған күшікке.
Бір мезгілде хатшы Иван,
Бір жілік ап атшыдан,
Есікке қарай лақтырды.
Жілік жерге жалп берді,
Жалп бергенде, тап берді,
Тап бергенде, шап берді.
He күтіп болар күшіктен?
Тістей салып, есіктен
Сып етіп шықты далаға.
Күшікке қайнап зығыры,
Артынан шықты жүгіре
Іле-шала балада.
Қойшы да болса бала еді...
Баланы не деп болады?!
Көңіліне қатты алғаны.
Шынымен көзге жас алып,
Үйді барып тасалап,
Күшікті теуіп қалғаны.
Үйде отырған бәйбіше:
«А, жүгірмек, қой десе!..»-
Деп балаға жекірді.
Сонда болыс ыңқ етіп,
Үйдің ішін мүңкітіп,
«Өһ!» деп бір кекірді.