Жердегі аспан түрі тәулік уақытына, жыл мезгіліне және ауа-райына байланысты. Аспанда әдетте бұлттар, жұлдыздар мен Жер серігі — Ай көрінеді. Ұшақ ішіндегі аспан көрінісі жер бетінің аралығында көк түсті болып көрінетін атмосфера қабаты болып табылады.
Күннің шығысы немесе батысы кезінде сары, сарғылт және қызыл түстерді аспанда байқауға болады.
Түндегі аспанда қара түстің дақтары көрінуі мүмкін. Ай, жұлдыздар және т. б. астрономиялық нәрселер айқын көрінуі мүмкін. Жұлдызды аспан — жарықыраған нәрселерден тұратын аспан.
Леонардо да Винчи алғашқы болып аспанның көк түстілігін «Кескіндеме жайлы» атты кітабында: «Жарқырайтын ұсақ бөлшек заттардың себебінен қараңғылық пен Жер арасындағы аспан көгілдір боп көрінеді» деп жазған.
Объяснение:
Менің сүйікті тағамым
«Ас адамның арқауы» демекші, дәмді тағам ішкенді бәрі де ұнатады. Бірақ әркімнің сүйсініп жейтін тағамдары болады. Мысалға, мен ет тағамдарын жақсы көремін, әсіресе, ұлттық тағамымыз етті сүйсініп жеймін. Анам мерекелік күндер мен туған күндерге үнемі ет асып, үлкен дастарқан жаяды, бұл біздің отбасылық дәстүріміз десем де болады. Әдетте, қамырды анам қолдан жайып, сорпаға етпен бірге картоп пен сәбіз салып пісіреді. Ал тұздығына пияз бен сәбіз қосып дайындаған ұнайды.
Дегенмен ет асып, табақ тартқанның да ежелден келе жатқан өзіндік мән – мағынасы бар, соған тоқтала кетсем.
Ет - халқымыздың аса қадірлі қонаққа ұсынылатын кәделі тағамы. Сыйлы қонақтарға қойдың басын немесе ірі қараның шекесін, табақ - табақ ет тартады. Әр адамның жасы мен дәрежесіне сай түрлі мүшелер тартылады. Осыған орай табақ тарту – бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ болып бөлінеді. Осы табақтарға сай ет (сүйек) мүшелері болады. Ол мүшелерді ауыстыруға болмайды. Бас табаққа бас, жамбас, омыртқа, қазы, қарта, жал, жая сияқты кәделі мүшелер салынады. Іліктік қатынасқа қарай: қарттарға жамбас, орта жастағыларға ортан жілік, омыртқа, күйеу мен қыздарға асықты жілік, төс, тағы сол сияқты рет-ретімен беріледі. Мойын омыртқа, тоқпан жілік, ірі малдың жамбасының шұқыршағы, жауырын, сирақ қонақтарға тартылмайды.
Ет тағамдарына сонымен қатар қуырдақ, сірне, жаубүйрек, борша, қарын бөртпе, әсіп, жөргем, қимай, ми палау жатады.
Ал соғым сойылып жатқан кезде дайындалатын қуырдақтың дәмін айтсаңызшы, тіл үйіреді...