крот521
24.12.2021 00:01

Тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырыңдар. Кітап, 150 – бет.
«Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» деген халық даналығы. Әр халықтың өзіндік ұлттық өнері болады. Өнер адамның дүниетанымына, эстетикалық сезіміне, алға қойған мақсатының айқындалуына әсер етеді.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
JoraUai0
23.02.2021 22:51

Астана туралы диалог

- Ата, сәлеметсіз бе!

- Сәлеметсің бе, құлыным!

- Ата, қолыңыз бос па? Сізге өтінішім бар еді? Маған мектепте Астана туралы шығарма жазу керек еді, маған Астана туралы айтып бересіз бе?

- Әрине, жаным. Жазып ала ғой. Астана – тәуелсіз еліміздің бас қаласы, отанымыздың жүрегі, мәдениеттің ошағы, ғылым мен білімнің ордасы. Арқаның төрінде сылдырап аққан Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз биыл 20 жасқа толды.

Астана күн өткен сайын қарыштап дамып келеді. Бүгінде бүкіл әлем тамсанып, болашақтың қақпасы деп көз тігіп отыр. Шетелдіктер қызыға қарап, еліміздің беталысын жіті бақылап отыр. Халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмеснің де Астанада өтуі тегіннен-тегін емес. Ол Елорданың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқанын, мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын және даму келешегінің кемелдігін айғақтайды.

- Астананың бұрынғы аты қалай және Астана болып қашан өзгертілді?

- Астананың бұрынғы атауы Ақмола. , Елбасымыздың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы болып өзгертілді.

- Астана «әлем қаласы» атағын қашан алды?

- 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды.

- Көп рахмет сізге, ата!

- Оқасы жоқ, құлыншағым!

0,0(0 оценок)
Ответ:
qqqqqqqqqqq1qq1
04.02.2021 12:13
ӘлФараби дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алған ұлы түрік ғалымы, ойшылы. Физика, химия, медицина, математика ғылымдарында және философияда жеткен нәтижелерімен Еуропа мәдениетінде үлес қосқан, кітаптары XVIII ғасырдың соңына дейін Еуропа университеттерінде оқылған түрік дарыны. Шын аты –Махмұт. Фараби Түркістанда, Фараб (Отырар) қаласында 870 жылы дүниеге келді. Әкесі қорған басшысы Махмұт Тұрпан. Батыстың білім әлемінде оны әлФарабиус атымен таниды. Фараби оқып –жазуды туған қаласында үйреніп, заманының ең атақты ғұламаларынан сабақ алды. Тәлімін кеңейту үшін әуелі Иранға, кейін Бағдатқа кетті. Фараби Бағдадта болған кезінде кілең атақты кісілерден дәріс алған және өзі де сабақ оқытқан. Әсіресе логика және грамматика пәндері мен араб тілін меңгеруді осы қалада жалғастырды.

Өзі діншіл адам еді. Исламның ақылға негізделген дін екеніне сенетін. Ол парсы, араб, латын және грек тілдерін үйренді. Әсіресе грек ойшылдары Аристотель мен Платон пікірлерінің синтезін жасауға және Сократ философиясының негізін жарыққа шығаруға көп еңбек етті. Сондықтан да өзін «Хаджеисани», яғни «Екінші ұстаз» деп аталады. 941 жылы Алеппоға келді. Ол жылдары Алеппо Сейфуддевле Әлидің қол астында еді. Бұл түрік әкімі түрік оқымыстысы Фарабиге үлкен сыйқұрмет көрсетіп, оны сарайына алды. Кейбір деректер Фарабидің өзіне ұсынылған шенді алмай, күндіз көкөніс өсіріп, түнде шам жарығымен философиялық ойлар жазумен айналысқандығын көрсетеді. Фарабиалғашқы ислам философы және ислам философиясын қалаушы. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, Фарабидің «Атталисмуссани» атты еңбегірек философиясына еліктеушілік. Олай болса бұл өте жемісті еліктеушілік, өйткені ол өзінен кейінгі бүкіл дүние ойпікіріне құрмет көрсеткен Ибн Сина осы кітаптың арқасында грек философиясын үйренген. ИбнСина былай деген еді: «Бір кітап дүкенінен сатып алған Фарабидің кітабын оқығанда, бұрын еш түсіне алмаған грек метафизикасын толығымен осы кітаптан үйрендім». Фараби музыкамен де айналысқан, тіпті «канун» деп аталған аспапты (домбыраға ұқсас) өзі ойлап шығарған және осы аспаппен бірнеше әндер де шығарған. Оның «музыка кітабы» музыка жөнінде жазылған алғашқы ғылыми зерттеу. Фараби Алепподан Шамға (Дамаск) Шамнан Каирге сапар шеккенде жұрт арасына өзінің пікірлерін таратқан, білімге қызмет еткен. Ол Алеппода 950 жылы январь айында қайтыс болып, Шам қаласының жанындағы БабулСағыр деген жерде жерленді. Фарабидің ойы, қөз қарастары, өте жемісті еңбектері, түсіндіргісі келген ойын өте жеңіл түсіндіре алатын қасиеті Шығысты да, Батысты да таң қалдырды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота