Қазіргі ұрпақ соғыс пен жорықта қиянкес ерлік көрсетіп, жауынгерлік рух танытқан ата-бабасына алғыс айтуы тиіс. Осынау кең байтақ жерді дұшпанның көзінен, жаудың бөзінен бекер сақтап қалған емес, келешек ұл-қыздары үшін аманаттап қалды.
Олардың ерлігін айтып, ата-бабасының батырлық болмысын есте ұстап, онымен мақтану – кез келген ұрпақтың парызы. Бабаның ерлігі ұрпаққа рух береді. Сонау Керей мен Жәнібектен бастап Қабанбай мен Бөгенбайдың, Шақшақ Жәнібек пен Ер Жәнібектің, соңғы хан Кенесары мен соңғы батыр Оспанның ерлігін жалғастырған жандар қазақ жерінде аз болмаған. Бұған Ұлы Отан соғысы кезінде ерлік көрсеткен қазақстандықтар дәлел бола алады.
Бір батальонды шашауын шығармай жау тылынан үш рет аман алып шыққан әскери қолбасшы, даңқты жауынгер Бауыржан Момышұлы, отан үшін деп жаудың дзотын мүбәрак кеудесімен жапқан Сұлтан Баймағамбетов, жүздеген фашистің көзін құртқан даңқты автоматты Төлеген Тоқтаров, жеті сағат бойы ерлікпен ел қорғаған Мәлік Ғабдуллин, шығыстың қос шынары атқыш Әлия мен пулеметші Мәншүк, ұшқыш Талғат Бегилдинов пен Нүркен Әбдіров сынды батырлардың ерлігі ұмытылмақ емес.
Өлшеусіз ерлік көрсеткен батырлардың арасында Рақымжан Қошқарбаевтың өнегесі ерекше. Жау дзодын кеудесімен жабу, жараланған ұшақты танк экипажына қарай бағыттау сынды айбынды ерлік Рақымжан батырдың де еншісіне тигенімен, ұзақ жылдар бойы от майданда оқ кешкен қазақ жауынгерінің әрекеті дұрыс бағаланбай жүрді. Бұған аз ұлттың ерлігін көрсетпеу, жасырып жаба тоқуға бейім кеңестік идеологияның зияны көп болды.
Объяснение:
Батыр атамыз Рақымжан Қошқарбаев ерлігі
Туған өлкеммен мақтанамын
Өз елін сүймеген адам еш нәрсені де сүйе алмайды» — деген Байронның сөздерімен өз жұмысымды бастағым келіп отыр. Әркімге туған жері, елі қымбат. Менің ойымша, а үшін туған өлкесінен артық еш нәрсе жоқ. Себебі, бұл мен түгілі аялаған анамыз, қолпаштаған әкеміз, туған-туыс, жора-жолдастың кіндігінен қан тамған туып өскен жеріміз. Қасиетті осы жерде білім нәрін сусындаған мектебім, балалық шағым өтіп жатқан ауылым бар. Егер менен сен не үшін туған өлкеңді сүйесің деп сұраса, мен мүдірместен Мұқағали атамыз айтқандай күн мен түнін, қыбырлаған жәндігіне дейін сүйемін дер едім. Өйткені Шығыс Қазақстан облысы табиғаты — ең әдемі, көрікті, сан қилы орманға толы, жусаны мен жуасы аңқыған, самал желі ескен өлкем. Қыстағы қалың жамылғы қар көрпесі мен жазғы құлпырған шалғын даласын құшағыма алар едім. Менің өлкем мен үшін ең ардақты, Бар жылуын, махаббатын сусындатты. Менің жерім мен үшін қасиетті, Бойыма күш — жігер нәр алдыртты