Maqa11
23.11.2020 00:23

Әлемдегі лабороторияда жасалған тұңғыш бургер ет 2013 жылы елге таныстырылды. Құны 332 мың долларға айналған бұл бургерді Голландияның лабороториясында сиырдың өзекті жасушаларынан жасап шыққан. Зертхана мамандары тамыз айында Лондонда өткен ба з мәслихатында жасанды бургерді жалпыға таныстырып тұрып жеп көрсетті. Тағамның дәмін көрген екі кісінің бірі – ас-ауқат туралы жазушы публицист Джош Сконвальд «дәмі өзгешелеу» деді. Ол: «Тіске басқанда ет сияқты дәм сезіледі. Тек аздап майдың ғана дәмі жетпей тұр. Бірақ сонда да дәмі кәдімгі гамбургер» деді. Ғалымдар лабораторияда өзекті жасушалардан өсірілетін жасанды ет «жайылым мен қорға көп орын кететін, әрі жем-шөбі мен қиы климаттың күрт жылынуына сеп болып жатқан» мал шаруашылығына балама ретінде таптырмас таза экологиялық һәм қуатты тағамға айналады деп сенеді.
2-мәтін
Жер бетінен жойылып кеткен жануарларды қайтадан қалпына келтіруге болады деген идея 2013 жылы тіркелді. Мамонттардың жүнінен генетикалық кодтарын оқи бастаған кейбір ғалымдар егер тірі жасушалары табылса оларды клондап шығаруға болады деп ойлайды. Ресейлік ғалымдар шамамен кем дегенде 10 мың жыл бұрын өлген ұрғашы мамонттың өте жақсы сақталған қаңқасын тауып алған соң мамыр айында мамонтты тірілтуге жақын қалдық деген. Ғалымдар мамонттың қан дақтарымен бірге сақталған қаңқасын Мұзды мұхиттағы Ляховский аралынан тауып алған еді. Семен Григорьевтің айтуынша, мамонттың қаңқасы, тіпті кейбір жерінің еті бүлінбей өте жақсы сақталған. Себебі қаңқаның төменгі жағы мәңгі мұз қабатында сіресіп қатып жатқан. Григорьев қызмет ететін Якутскідегі Федералдық Қиыр Шығыс университеті 2005 жылы бірінші рет итті клондап шығарған оңтүстік кореялық Хуанг Ву Сукпен мамонтты тірілту тәжірибесіне қатысты келісімге қол қойды.
Сұрақтар
• Мәтіндер не туралы?
• Қандай тақырып қоюға болады?
• Қандай қызықты мәлімет бар?

ОТВЕТЬ ТЕ

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Света202002
06.07.2020 02:37

"Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар"

Объяснение:

Расында да, біз жоғары білімді ұлтты қалыптастыра отырып, бәсекеге лайықты ел бола аламыз. Білім еш уақытта құнсызданбайды, ол мыңды жығатын, әлемді бағындыратын күш. Қазіргі заман тек сауатты болуды аздық етеді, ол әлемді бағындыратын, адамзат үшін жағдай жасайтын деңгейге жетуімізді талап етеді. Соның ішінде, қоғамдағы білім беру институттарының алар орны ерекше. Әсіресе, жоғары оқу орындарының жастардың инновациялық тұлға болып қалыптасуында атқарар  ролі өте жоғары.Қазіргі заман жаңалықтарды жылдам қабылдап, жылдам енгізуді талап етеді. Бүгінгі инновация, ертең ескіге айналуы әбден мүмкін. Сондықтан, қоғам мен білім беру институттарының үздіксіз байланыста болуы қажет. Әрине, білім – басты капитал. Дегенмен осы білімнің әрдайым сұранысқа ие болуы үшін ол толықтырылып, жаңарып, жетілдіріліп отырылуы тиіс. Еліміздің, жеріміздің ерекшеліктерін ескере отырып, инновациялық қоғам құру – осы білімге келіп тіреледі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
LemonkaGame
17.11.2020 18:35
Сабылып келді міне, сәуір айы,
Сәуір айы - қазақтың тәуір айы.
Жылайды да тұрады жылаңқы бұлт,
Бара жатыр не болып ауа райы?!
Ақ нөсер, өткіншісі - бәрі дайын,
Сабылтыға келген мына сәуір айын,
Құтты көріп, диқандар құптағанмен,
Малшылар салып отыр сарыуайым
Жылап тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр,
Сағынып тұр күн нұрын, жабығып қыр.
Бірде жауын, біресе қарға айналып,
Сәуір айы малшыға қағынып тұр.
Шопан жүр малыменен, көптен бөлек,
Төпеп тұр,келер емес көктен көмек.
Сәуір айын сықпыртып, сыбайды кеп,
- Құрғырдың түбі түсіп кеткен бе?! -деп
Ойында - әрі ашу, әрі уайым,
Әйтеуір оңдырған жоқ сәуір айын.
Сәуір айы - малшыға сарыуайым,
Малмен бірге бағады ауа райын...
© Мұқағали Мақатаев
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота