verysadsavant1
17.10.2022 20:35

Мәтінді түсініп оқыңдар. Төменде берілген тапсырмаларды орындаңдар.

Асқар Жұмаділдаев – физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының академигі.

Асқар Жұмаділдаев 1956 жылы 25 ақпанда Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі кентінде дүниеге келген. Ол Алматыдағы дарынды балаларға арналған арнайы физика-математика мектебін бітірген. Кейін Мәскеудегі М. В. Ломоносов атындағы университеттің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Қазақ мектебін бітірген балаға орыс тілі сынағынан өту қиын болады. Орыс тілінен жақсы баға алмаса да, қабылдау комиссиясы оның ерекше қабілетін байқап, емтиханнан өткізеді.

Асқар талмай ізденіп жүріп, үшінші курста ғылыми жұмыс жазады. Бұл еңбегі үшін Петровский сыйлығымен марапатталады. Одан кейін Лениндік стипендияға ие болады. Мәскеу Мемлекеттік университетін үздік аяқтап, кейін аспирантурасын бітіреді. Отыз екі жасында В. А. Стеклов атындағы Математика институтында докторлық диссертациясын қорғайды. Ғалым – 80-ге жуық ғылыми еңбектің авторы.

Асқар Жұмаділдаев - қазақ елінен шетел университеттеріне дәріс оқуға, ғылыми еңбектер жасауға алғаш шақырылған ғалымдардың бірі. Ол 1995 жылдан бастап он жылдай шетелде қызмет істеді. Гамбург, Мюнхен, Бильфельд, Киото, Оксфорд, Стокгольм университеттерінде профессор болды.

Ғалым математика ғылымының дамуына зор үлес қосты. Ол оң сипаттамалы Ли алгебрасы мен деформацияларын, олардың қолданылуын зерттеді. Векторлық өріс алгебрасының бөлшектенбейтін кеңеюін есептеді. Ассоциативті емес алгебраның тепе-теңдіктерін шешті.

Отандық ғылымға қосқан орасан еңбегінің арқасында ғалымға 1981 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты, 1988 жылы физика-математика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесі берілді. 1990 жылы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, 1995 жылы ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, 2004 жылы ҚР ҰҒА академигі атақтарына ие болды Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Мәтін кім туралы?
2. Ол кандай мектепте оқыды?
3. Асқар Жұмаділдаевке оқуға түсу неліктен қиын болды?
4. Асқар Жұмаділдаев шетел университеттеріне не үшін шақырылды?
5. А Шетелдік қандай қалаларда профессор болды?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
McTawer0
04.10.2022 11:42

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы а қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен.

Олимпиадалық қозғалыстың белсендi қайраткерi Пьер де Кубертен: «О, спорт! Сен – түгел ғаламсың» деп бекер тұжырым жасамағаны анық. Күніне кем дегенде 20 минут дене жаттығуымен шұғылданған адам өзін сергек, көңілді әрі өзіне сенімділігін арттыратыны анықталғаны белгілі.

Ғалымдар АҚШ-тың Пенсильвания университетінің 200-ге жуық студентіне зерттеу жүргізген. Олар күніне 20 минуттан астам уақытын түрлі дене жаттығуларына арнаған. Ал сегіз күннен кейін қатысушылар өздерінің басынан өткеріп жүрген күйлерін жазып тапсырған. Нәтижесінде көбісі ұйқысыздықтан, әлсіздіктен құтылғанын мәлімдеген. Сонымен қатар, дәрігерлер қатысушылардың психикасында оң өзгерістер барын анықтаған. Студенттер болса, жаттығу жұмыстарынан кейін көңіл-күйлерінің көтеріліп, өздерін бақытты сезініп жүргендерін жеткізген.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Alina17031
26.08.2022 04:10

вот

Объяснение:

намыс туралы эссе.

«Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа» деген халық даналығында өте терең мағына, тәрбие жатыр. Себебі, намыс - намысқойлық – адамның ар-ождан үні, рухани-құндылықтық сезімі. Арды адам бойындағы жақсы қисиеттердің өлшемі, адамгершілік санасы деуге негіз бар», - дейді. Намыс адамның жан дүниесі мен Отанының, отбасының, ұлтының, қоршаған орта мен қоғамының мәнін сезінуімен оянып, соның амандығы мен бүтіндігі үшін күресінен көрініс табады.

«Жігітке жар қымбат, намыс пен ар қымбат» деп, қазақ халқы қашан да ар – ұждан, намыс секілді ұғымдарды аса жоғары бағалап, қастерлеген. Себебі, бұл – адамдықтың белгісі. Намыс қашанда керек деп есептеймін, кез келген жерде, кез келген жағдайда. Мысалы, ғылым мен білімде, мәдениет пен өнерде, спортта, т.б. салаларда өз ұлтының намысын биік қойған адам бәсекеге қабілетті болуға талпынады. Намыстың жоғары болуы отаншылдыққа бастайды. Патриоттық сезімді арттырады. Өз еліңнің, жеріңнің қадірін айрықша білуге, қастерлеуге үйретеді.

Ал менің қазіргі жастарға, өзімнің құрбы – құрдастарыма айтарым – «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы әрқашан есте сақтап, ар – намыстың қадірін біліп, ұлттық намысымызды сақтай білейік.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота