edinorogik5
14.10.2022 20:08

Написать письмо другу на тему әнші құм​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Умник6791
05.06.2021 11:15
Алматы метрополитені  —  алматы  қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. алғашқы бөлігі  2011  ж. 1 желтоқсанда ашылды. заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін алматы метрополитенін салу барысында «herrenknecht ag» неміс компаниясының «herrenknecht s-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі фурманов пен райымбек даңғылының қиылысы мен абай және гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. бұл жұмыстар ресейлік «лайтон» аақ қоғамының еншісінде. туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде алматы метрополитені  қазақстандағы  алғашқы,  орталық азияда  екінші (ташкент  метрополитенінен кейін) және  тмд-дағы  16-шы немесе 17-ші метрополитен болды. алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 ға дейін жетеді» деген болжам бар. бұл мәліметтерді «алматыметроқұрылыс» ақ директоры мұрат үкшебаев мырза да растады. алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді .[1]  алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді. метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады. ұзындығы 11,3 км. құрайтын алғашқы бағыт 9 бекеттен тұрады (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары жерге таяу орналасқан). бағыт  райымбек даңғылынан  оңтүстікке қарай  фурманов көшесінің  астымен  абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай  алтынсарин даңғылына  және  өтеген батыр көшесіне  дейін тартылған. жүру интервалы 10 минуттан (таңертеңгі және кешкі қысылтаяң уақыттарда) 19 минутқа (соңғы рейстерде)дейін. пойыздардың орташа ғы 40 км/сағ. қазіргі таңда бірінші линияның батыс бағытындағы қалқаман-3 ықшамауданына дейінгі құрылысы жүргізілуде. алматы қаласының батыс бағытындағы құрылысы аяқталғаннан кейін қаланың алматы-1 бекетіне дейінгі құрылысын бастау жоспарлануда.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Bogdan1500
09.11.2021 22:42
«Алтын адам» — 1970 ж. басында Есік қорғанында — сақтар тайпасының жас көсемінің зираты табылды.Қорған қазбалары Қазақстанды 5 ғ. ЗБ мекен еткен ежелгі тайпалардың мәдениеті, өнері, діні жайлы құнды деректер берді.Алтын адам — Алматы облысындағы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақобасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесі (5 ғасыр). 1969 – 1970 жылы археолог Кемел Ақышев тапқан. Алтын адам киімі 4 мыңға жуық алтын әшекейлермен безендірілген. Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» жасалған. Бас сүйектің сол жағынан жаһұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар – ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген. Есік обасынан алынған археологиялық мәліметтерге қарап, бұл адамның біздің заманымыздан бұрынғы 5 – 4 ғасырларда өмір сүргені анықталды. Киім үлгісі, жерлеу рәсімі, Алтын адамның Жетісу жерін мекендеген сақтардың көрнекті елбасының ұлы немесе жас көсем, әскербасы екенін айқын көрсетеді. Көне дәуірдегі материалдық мәдениет, өнер,мифология, т.б. салалардан мол дерек беретін Алтын адам сол кездегі сақтарда мемлекеттік өркениет ертеден қалыптасқанын дәлелдейді. Алтын адам – Қазақстанның азаттық символына айналды. Оның тұлғасы Алматының бас алаңына орнатылды, төбе бөркіндегі қанатты тұлпарлар бейнесі елтаңбамызға енді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота