lfifа
18.04.2023 23:54

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды.
Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.
Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,
Аязбенен қызарып ажарланды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.
Әуес көріп жүгірген жас балалар,
Беті-қолы домбығып, үсік шалды.
Шидем мен тон қабаттап киген малшы
Бет қарауға шыдамай теріс айналды.
Қар тепкенге қажымас қайран жылқы
Титығы құруына аз-ақ қалды.
Қыспен бірге тұмсығын салды қасқыр,
Малшыларым, қор қылма итке малды.

Мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Sasha34634
27.12.2022 04:30
Қазақ әдебиеті  — қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.Халық фольклоры мен поэзиясының  негiзi сол тайпалар шығарған ертегi, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезiмi, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерiн жырға қосқан батырлық эпостар («Қобыланды батыр», «Алпамыс», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», т.б.), халық арасына кең тарап, сүйiктi шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпикалық дастандар («Қозы Көрпеш — Баян сұлу», «Қыз Жiбек», т.б.) қазiргi қазақ әдебиетінiң өз алдына мол мұрасы болып саналады
0,0(0 оценок)
Ответ:
Николь11189
31.08.2021 00:21
Қызы бардың ізі бар, яғни, қыз болашақ ана, өмірге ұрпақ әкеледі, із деп отырғаны, ұрпағы.

Әйел үйдің сәні, себебі, ер адам табыс тапқанымен үйдің барлық жағдайын жасайтын әйел, тазалығын, бірлігін сақтайды, балаларын тәрбиелейді.
Әйелдің жолы үлкен, бұл жерде тек ана болғандығынан жолы үлкен.
Жақсы әйел жарының жақсысын асырар, жаманын жасырар. Мақалда айтылғандай, ер адамда жағымсыз әрекеттер болса жақсы әйел елге жария етпей өзінің жақсы мінезімен жөндейді, жаман әйел күнде ұрыс шығарып, елге жаяды. Жақсы әйел ерінің жақсылықтарын мақтаныш етіп, ерінің мерейін үстем етеді.
Әке көрген оқ жонар- яғни әке тәрбиесін көрген ер бала ер адамға лайық істердің бәрін әкеден үйреніп, өмірге дайын болады. Шеше көрген тон пішер- шеше тәрбиесін көрген қыз, анасынан көргенін өмірде қолданып, ісімен де сөзімен де алған тәрбиесін көрсетеді.
Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілерсің- бұл мақалда отбасында көрген тәрбиең қандай болса, өмірде сен де сондай болатының туралы. Мақалдардың бәрі тәрбие туралы.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота