Алтын адамның» бас киімі сақтардың ғарыш туралы танымының мысалы. Бұл үш әлемнің өзіндік үйлесімділігінен құралған модель: жерасты, ортасы – жер, жоғарғы жағы – аспан. Әлемнің төрт бұрышы бар – оң, сол, алды және арты.
Алдыңғы бөлігі – шығыс жақ, артқы бөлігі – батыс жақ. Бас киімдегі оюлар көлденең үш бөлікке бөлінген. Алтын таулар мен ағаш тізбесімен жиектелген. Тау етегінде «қыс аңдары» – жолбарыстар мен ешкілер бейнелеген. Ал шыңында – құстар, қанатты жолбарыстар (тигрогрифондар).
Ою-өрнектің жиегі әлемдік тау жотасын білдіреді, сақтардың көзқарасы бойынша, әлемді барлық жағынан қоршап тұр деген сөз. Ою әлемнің үш бөліктен құралғанының символы іспеттес: жерасты әлемі, жер, аспан.
Сақиналы фриздердің төрт айқас секілді орналасқан төрт жақтағы нүктеде аңдардың (барыс, тауешкі) бейнесі орналасқан.
Бас киімнің алдыңғы бөлігінде барлық ғарыштың символы – күн эмблемасы жайғасқан: төрт қанатты ат пен төрт алтын жебе. Бұл барлық үш әлемнің үстіндегі билік пен күн жолындағы әлемнің төрт бөлігінің белгісі.
Адамға мұндай тәжді кидіру – барлық ғарыш туралы аңызға билік ету. Көсем мен басындағы, үстіндегі киімдер әлемнің өсін, яғни орталығын білдіреді – бұл әлемнің құрылымы туралы сақтардың мифологиялық көріністері.
Сұрақтарға жауап беру.
• Жақсылық Үшкемпіров - кім?
Жақсылық Үшкемпіров (шын есімі Жақсылық Үшкемпірұлы Әмірәлиев) грек-рим күресінің палуаны, спорт шебері (1971), Халықаралық спорт шебері (1975), Еңбек сіңірген спорт шебері (1980), алтын медальге иеленген қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы (Мәскеу, 1980), Әлем чемпионы (1981), әлем кубогының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Кеңес Одағының чемпионы (1975, 1980), Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.
• Ол қашан, қай жерде туған?
Ол 1951 жылдың 6 мамырында қазіргі Жамбыл облысының Свердловск ауданы, Дихан ауылында дүниеге келген.
• Ол қандай оқу орнын бітірді?
Ауылдағы қарапайым мектепте білім алған. 1968 жылы Семей қаласының мал дәрігерлік институтына оқуға түседі. Институт қабырғасындағы күрес үйірмесіне жазылады.
• Оның спорттағы қандай жетістіктері қалай бағаланды?
Жақсылық Үшкемпіров спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Ал 2017 жылы Ақордада Жақсылық Үшкемпіров Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Қазақстанның Еңбек Ері" атағын алды