helpme168
04.11.2020 02:46

Белгілі сыншы, мәдени сарапшы, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Әлия Бөпежанова қазіргі сатиралық театрлар туралы өз пікірін білдірді.

– Қазір әзіл-сықақ театрларының саны бар, сапасы сын көтермейді деп көп айтылып, жазылып жүр. Театр сыншысы ретінде сіздің ойыңыз қандай?

– Қазір әзіл-сықақ театрлары көп. Жалпы, қазір әзіл-сықақ театрлары жан-жақты. Негізінен бүгінгі күннің әлеуметтік мәселелерін көтереді. Бірақ бір айтатын мәселе: олар қоғамдық әлеуметтік мәселелерден гөрі отбасы-ошақ қасы, тілді дұрыс айтпау, құда-құдағилар сияқты жеңіл-желпі тақырыптарды шиырланқырап қалып жүр. Көпке топырақ шашуға да болмайды.

– Әзіл-сықақ театрларының одан бөлек тағы қандай кемшіліктері сізді ерекше алаңдатады?

Меніңше, театрлардың басты проблемасы материалдарды өздері жазып ала салады. Тақырыпқа жеңіл-желпі қарайды. Сахнаға шығып әйтеуір жұртты күлдірсек болды дейтін сияқты. Тағы бір мәселе: қазіргі жастар сахнаға шығып алып, өздерін жарнамалауға бейім. Оны өздері де байқамайды. Бұл – сахналық мәдениетке томпақ нәрсе.

Сондай-ақ телеарналарда демалыс күндері, түнгі уақытқа қарай, әзілге құралған дүниелер беріліп жатады. Қарасаң, талғам мен эстетика жетпейді. Тақырып аялары өте тар. Бұл да бүгінгі күннің басты проблемасы сияқты. Жақсы әзіл арзан күлкіден құралмау керек. Ол, керісінше, адамды ойлантуға, өмірге басқаша көзбен қарауға итермелеу керек.

– Кәсіби авторларға тапсырыс бермей, өздері жаза салу, ақша үнемдеу ме, әлде өз өздеріне деген сенімділік пе?

– Біріншіден, мүмкін ақша үнемдейтін шығар. Өнер деген – интеллектуалдық жеке меншік. Шын мәнінде, интеллектуалдық еңбекке лайықты еңбекақы төленуі керек. Бүгін, мысалы, Парламентте мәдениет туралы заң талқыланды. 25 жылдан бері жазушыларға қаламақы төленбейді екен. Бұл, былайша айтқанда, нонсенс. Әрине, театрлардың бәрі бірдей емес.

– Расымен де, театрлар неге арзан әзілге құмар болып кетті?

Кез келген өнер адамы саясаткер болу керек. Ол қоғамда не болып жатыр, парламент не талқылады, қандай халықаралық мәселелер қаралды, қысқаша айтқанда, бәрін біліп, бақылап отыру керек. Яғни деңгейі өте жоғары, ой-өрісі кең болуы тиіс. Өнер тек құда мен құдағиға тиісіп немесе әйел болып киінген, шалбарын шорт кескен келіншектерді немесе орысша тіл сындыратын жастарды сынаумен ғана шектелмеу керек. Әрине, оның бәрі қажет. Бірақ интеллектуалдық ізденіс көбірек керек. Меніңше, әзіл-сықақ театрларында білім, ізденіс жағы жетіспейтін секілді…

1. Мәтіндегі экспрессивті-эмоционалды сөздерді теріп жазыңыз.

Мәтінді пайдалана отырып жай сөйлемнің түрлеріне мысал келтіріңіз.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
KirillK2014
09.10.2021 03:08
Қазақстанның бас қаласы-Астана. Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған. Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
0,0(0 оценок)
Ответ:
subratova2007
01.02.2021 05:12
Қазіргі заманда интернет көптеген жұмыстардың атқарылуына септігін тигізеді. Ең алдымен интернет желісі арқылы хат - хабар алысуға болады. Шалғайда жүрсең туыстарыңмен, ата-анаңмен бейнеңді де көріп, сағынышты басамыз. Ал оқуға қажетті ақпарат керек болса да осы интернетті қоса салып, бар мағлұматты алуға болады. Әр түрлі сайттарға кіріп, қажетті мағлұматты жедел түрде аламыз, кітапханада сағаттап оытрудың қажеті жоқ. Егер шет елде оқығың келсе, бірақ ол елде тұруға мүмкіндік болмас, осы интернет арқылы қашықтықтан оқуға болады. Интернеттегі әр түрлі әлуметтік сайттар арқылы достарыңмен хат-хабар алысуға болады. Әлеуметтік желі арқылы өміріңде болып жатқан қуанышты жағдайларды да осы интернет арқылы бөлісесің.  Кей жағдайда шет елдің оқушыларыменде танысып, көптеген досарды табуға болады. Егер теледидардан бағдарлама немесе ұнататын фильмдеріңді көре алмай қалса, осы интернет арқылы көруге болады.  Егер сіз шет елге сапар шегуіңіз керек болып тұрса, ал ол жайлы ешқандай мағлұматыңыз болмаса, интернетке кіріп, сол ел жайлы барлығын білуге болады. Соңғы болып жатқан жаңалықтарды да осы интернет арқылы жедел білуге болады. Интернет - сөз жоқ өмір сүруімізді жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота