Робинзон Крузоның бір күні.
Белгілі жазушы Даниэль Дефоның "Робинзон Крузо" атты романын білмейтін адам жоқ шығар,сірә.Мектеп кезінде кітапта берілген үзіндісін оқыдық,фильмін де көрдік.Кейіпкердің иесіз аралда жалғыз өзі шамамен жиырма сегіз жыл бойы өмір сүріп,тірі қалуы барлығымызды да таңдандырады.Ал Робинзон Крузоның әр күні бір-біріне ұқсамайтын.Әр күнде жаңа жаңалықтар,қиындықтар болды.Енді Робинзон Крузоның өз күнделігіне жазғандай бір күні,яғни оның ішіне алғашқы күніне тоқталып өтейік.
Ол өз күнделігінде бұл күнді "1659 жылы,30 қыркүйек" деп көрсеткен еді.Бұл оның кемесінің апатқа ұшырып,тек өзіның аман қалып,ессіз аралға тап болған күні.Түн ортасына дейін оны неше түрлі ойлар мазалады.Әрине,ол ойлар:аштық,үйінің жоқтығы,киімі мен қаруының болмауы еді.Оның жаудан қорғанатын жері де болмады.Робинзон Крузо алда тек өлімді күтті.Оны не жыртқыш аңдар,не жабайы адамдар жейді,не болмаса ол өзі аштықтан өледі.Осындай ойлармен ол ағаш түбіне жатып,жаңбыр жауып тұрса да қатты ұйқыға кетеді.Ия,бұл – Робинзон Крузоның бір күні.Бұл туындыдағы бас кейіпкер өзінің қайсарлығы,батылдығы мен ептілігінің арқасында тірі қалған еді.
Менің сүйікті қалам
Алматы - менің сүйікті қалам. Не себепті деп сұрасаңыз, Алматы - Алатау бөктерінде орналасқан ғажайып, әсем қала. Алматыда ауаның өзі ерекше таза болып көрінеді. Оның көркіне көз тоймайды. Тамаша табиғаты аспанмен таласқан заңғар тауларымен, сарқырап аққан өзен-суларымен, көк майса, жасыл желегімен, апорт алмасымен ерекше. Ал жылдан жылға саны артып жатқан зәулім ғимараттардың құрылысы мен көркін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Алматының басты көрікті орындары - Медеу мұзайдыны, Шымбұлақ курорты, Көктөбе. Халық демалу үшін жиі баратын Көктөбеден Алматы алақандағыдай көрінеді. Ол жерден қаланың ғаламат көрінісін, ерекше сәулетін тамашалай аласыз.
Сонымен қатар, Алматыда Тұңғыш Президент саябағы, орталық цирк, Горький саябағы, орталық мұражай, Әуезов атындағы театр, Абай атындағы опера және балет театры сынды мәдениет орындары - халық көп баратын орындар бар.
Алматы Қазақстанның мәдени астанасы болып есептеледі.