"Күш атасын танымас"- деген сөз қайдан шыққан?Қазақ халқының даму тарихында басынан кешкен әр түрлі оқиғаларды,тарихи тұлғалардың ойда қалар іс-әрекеттерін,табиғат кқұбылыстарын бәрін ойша қорытындылап,тұжырымдап отырған.Өмір тәжірибесі ретінде ауызекі әңгімеде айтылып отырған.Осындай тұжырымдар,қанатты сөздерге, мақал мәтелге айналып, ойының дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен бала тәрбиесінде тәлімгерлік роль атқарған."Күш атасын танымас"-деген сөзде халық жақсылығын асқақтатқан,жамандықты жерлеп құртқан,осындай тұжырымды сөздердің бірі.Адамзаттың даму тарихында алғашқы кезеңдерде тек қара күшке ғана орын берілген.Кейін адамның ойлау қабілеті артып,білімді болу бірінші жолға қойылған."Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар"- деген сөз осы кездері шыққан.Алып күштің иесі, қазағымның палуаны Қажымұқан Мұңайтпасовты осы кезде айта кету керек.Өз кезінде талай озбырлық көрседе,күшімен әлемді мойындатқан палуан.Сол дәуірдің сұрқия амалдары оны Қара Иван деп шығарсада,түбі әлемге қазақты танытып, күшін мойындатып кеткен тұлға."Күш атасын танымас"- деген тұжырымға тағы бір мысал айта кетейін.Қазақтың Балуан Шолағы базар аралап келе жатып, шетте мүсіні келіскен кертөбел атты көзі шалады.Касында бір адам ошаққа от салып отырғанын көріп, сол адамды күшіне сеніп лақтырмақ болып,атты алмаққа ұмтылған екен. Сонда әлгі а Шолақтың өзін көтере түрегеліп лақтырып тастаған ғой.Балуан мұндай алып күшті күтпесе керек,атына қарғып мініп желе жөнеліпті.Арттағы адам:Сенің көздегенің кертөбел ғой, ала ғой-деп айқайлапты."Өлімнен ұят күшті"- деп, қарай алмапты Балуан.Сол кезде сендім, "Күш атасын танымайтынына"- деп Балуан еске алған көрінеді.Қазірдеде біздің елімізді күшімін аренада белдесіп ,әлемге танытып жүрген балуандарымыз өте көп."Күш атасын танымас"күші мен ілімі қатар дамыған жастарымыз көп болсын
Маңғыстау таулары-Маңғыстау түбегіндегі аласа таулар тізбегі.Біз осы таулардың Жер бедері жайлы қысқаша айта өтейік. Каспий теңізі жағалауынан солтүстік-солтүстік-батысқа, шығыс-оңтүстік-шығысқа қарай тізбектеле жатқан үш жотадан тұрады. Ең ірісі — орта тұсындағы Қаратау жотасының ұзындығы 130 км, биіктігі 350 — 450 м, ең биік жері — Бесшоқы тауы (556 м). Қаратау көлденең жатқан бірнеше ойпаңдар арқылы Шығыс Қаратау, Батыс Қаратау және Қаратаушыққа бөлінеді. Солтүстік Ақтау басқаларына қарағанда көбірек тілімделген және биіктеу (322 м). Терең жыралардың түбінен шағын бұлақтар (Аманбұлақ, Тұщыбек, Шоң, Оңды, Дойдан, Ағашты, т.б.) кездеседі.Және оның Геологиялық құрылымы жайлы да әңгіме қозғай өтейік. Қаратау жоталары пермь мен триастың қатпарланған құмтас, тақтатас, әктас және конгломерат жыныстарынан түзілген. Төбесі тегіс немесе сәл белесті келеді. Аласа таулы қырқаларды юра мен бордың құмды-сазды жыныстары жапқан ойысты жерлер қоршап жатыр. Екі жағынан Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталары өтеді. Олар Маңғыстау мегантинклиналінің қанаттарына сәйкес келетін куэсталардан тұрады.
Ал Кен байлықтары жайлы айтсақ,
Маңғыстау тауларында мұнай, тас көмір, фосфорит, марганец, мыс және темір кен орындары барланған. Беткейлердің етегінде тасбұйырғын, Солтүстік және Оңтүстік Ақтау жоталарында жусан басым өсетін шөлді өңір жатыр. Жыл бойы мал жайылады.