Бізге дұрыс тамақтану туралы Қанша рет айтылды. Біздің ата-бабаларымыз, ата-аналар мен мұғалімдер сөйледі. Бірақ дұрыс тамақтану дегеніміз не, ол біздің өмірімізде қандай маңызды.
Дұрыс тамақтану біздің денсаулығымыздың басты көзі болып табылады. Негізінен: көп мөлшерде майы жоқ жеміс, көкөніс, ет және сүт өнімдері. Көкөністер мен жемістерде адамға қажетті талшықтар мен дәрумендер бар. Ет құрамында ақуыз, жасушалардың негізгі элементі, балық фосфоры бар. Сүт қышқылы өнімдерінде көп мөлшерде кальций бар. Яғни, әрқайсымыз дұрыс тамақтануды ұстануымыз керек.
Адам чиптер, бургерлер мен кәмпиттерді тұтынған кезде, ол қажетті заттарды қабылдамайды. Осыдан күш жоғалады, адам әлсірейді, ауыра бастайды. Сыртқы тартымдылық жоғалады. Фаст-фуд ағзаға зиян келтіреді, сондықтан теңдестірілген тамақтануға ерекше назар аудару керек.
Ерте, ерте ертеде, а алыс бір орманда адам тілінде сөйлейтін аңдардың сан мың түрі тату-тәтті өмір сүріпті. Күндердің күнінде сол орманды мекен етуші орманның ең айлакер аңы түлкімен, аңқау тиын кездейсоқ кездесіп қалыпты. Жөн сұрасып танысқан соң, талайды сан соқтырған арамза түлкінің көзі, күн сәулесінде мың құлпырған тиынның қырмызы құйрығына түсіпті.
Кеудесін қызғаныш оты өртеген қу түлкі тиынның құйрығын алдап алмақ болып, оның іші-бауырына кіріп алдай бастапты. Өтіріктің сын мың түрін айтып түлкі тиынмен құйрық алмасуға келісіпті. Тиынның қырмызы құйрығына қосымша бір қап алтында беруді уәде етіпті.
Екеуі бір келісімге келген соң, түлкі тиынға бір қап алтынды алып келу үшін ормандағы өз үйіне кетіпті, ал тиын болса түлкіні күтіп үлкен емен түбінде қалыпты. Қалтасында жарты күміс тенгесіде жоқ айлакер түлкі орманнан шыға ойлана бастапты. Қалай болғандада тиынға алтын алып баруы керек қой. Әрі ойлана, бері ойлана қу түлкі қолындағы қалтасына шыршада өсетін бүршіктерді толтыра теріп, қап аузын мықтап байлапты. Бүршіктерге толы қалтасын арқаға асынып кері қайтқан түлкі қапты тиынның алдына тастапты. Уәде бойынша екеуі құйрықтарын сол сәтте алмасыпты. Құрыққа еге болған қу түлкі сол сәтте көзден ғайып болыпты. Ал, аңқау тиын болса аузы мықтап байланған қапты аша алмай біраз уақыт әуреге түсіпті. Әрең дегенде қаптың аузын ашып қараса, алтын дегені қапқа толтырылған шырша бүршіктері екен.
Алданғаның кеш білген тиын зыр жүгіре айналадан түлкіні іздепті, бұл уақытта түлкі орманның басқа қуысына көшіп кетіпті.
Түлкінің қырмызыдай құлпырған құрығы әу басында солай тиындікі болған екен, ал тиын болса ұялғанынан шырша басына шығып кетіпті, сол күннен бүгінге дейін ол жерден түспейтін көрінеді. Сол күннен бастап тиын өзінің алтындарын іздеп, шырша бүршіктерін жинап, ұясына таси береді екен. Түлкі келіп қалар деген оймен, алыс-алыстарға көз тастап, әлі түлкіні күтіп жүрген көрінеді.