1. Жіктеу есімдігі 2. Сілтеу есімдігі 3. Сұрау есімдігі 4. Өздік есімдік 5. Жалпылау есімдігі 6. Белгісіздік есімдігі 7. Болымсыздық есімдігі 1) Жіктеу есімдіктер – белгілі бір жақ түрінде қолданылатын есімдіктің түрі. Мен, сен, сіз, ол,біз,сендер, сіздер, олар деген сөздер жатады.2) Сілтеу есімдік – нұсқау және көрсету мағыналарын көрсетеді: бұл, мынау, анау, сол, мына, міне.3)Сұрау есімдігі – жауап алу мақсатында қойылған сұрақтар. Қазақ тіліндегі барлық сұраулы сөздер жатады: кім? неше? қайда? неге?4) Өздік есімдігі – әр түрлі тұлғадағы өз деген бір ғана сөз: өз, өзім, өз-өзіне, өзіміз.5) Жалпылау есімдігі – жалпылау, жинақтау мағыналарын білдіретін есімдіктің түрі: барлық, бәрі, тегіс, түгел, күллі. 6) Белгісіздік есімдігі - белгісіз мәнде айтылатын сөздер. Жасалауына әр, бір, әлде деген үш сөз ұйтқы болып қызмет атқарады: әркім, әлдекім, әрқалай, бірнеше, бірдеме,кейбір, әрқалай.7) Болымсыздық есімдігі – болымсыздық мағынаны білдіреді. Негізінде еш деген сөзбен кейбір есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады: ешкім, ешқайда, ештеме, ешқашан, дәнеңе.
Ахмет БайтұрсынұлыУикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметБайтұрсынұлы АхметТуған кездегі есімі:АхметҚызметі:ақын, әдебиет зерттеушіғалым, түркітанушы,публицист, педагог,аудармашы, қоғам қайраткеріТуған күні:5 қыркүйек 1872Туған жері:Ақкөл (Сарытүбек) ауылы,Жангелді ауданы, Қостанай облысыАзаматтығы:Қазақ еліҰлты:ҚазақҚайтыс болған күні:8 желтоқсан 1937 (65 жас)Қайтыс болған жері:АлматыӘкесі:Байтұрсын ШошақұлыАнасы:Күңші ҚұлыбекқызыЖұбайы:Бадрисафа МұхамедсадыққызыБалалары:Аумат, Қазихан, ШолпанМарапаттары:Қазақ халқының рухани көсемі, ұлт ұстазыБайтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек 1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылы – 8 желтоқсан 1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.[2]Мазмұны [көрсету] ӨмірбаяныАтасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.Байтұрсынұлының саяси қызмет жолына түсуі 1905 жылға тұс келеді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку