AnNik08
29.05.2022 01:59

I гасырда- 100 жыл бар. І ылда -12 ай. Ай атаулары кантар, акпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым,
шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан 1 жылда- 4 жыл мезгілі. Жыл мезгілдерінің
атаулары: кыс, көктем, жаз, күз.
1 жыл мезгілінде 3 ай бар. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Кестем айлары: наурыз, сәуір,
азыр. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Күз айлары кыркүйек, қазан, қараша 1 жылда- 365 күн
бар. lайда-30 күн 1 айда- 4ата. Апта атаулары: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жра, сенбі,
жексенбі 1 аптада- 7 күн, 7 тәулік 1 тәулікте – 24 сағат. І сағатта- 60 минут. 1 минутта – 60 секунд.
16​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ВаняАВЕР2006
25.03.2020 22:42

АДАМДЫҚ ДИҚАНШЫСЫ

Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлі жоқ, көгалы жоқ — қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,

Көңілін көгертуге құл халықтың.

Ахмет Байтұрсынұлы

Рухани кеселден кім емдейді?

Отаршылдық. Қазақы ұғымы — «құлдық», «құл болу». Қазақ тарихындағы ең ауыр кезең; сүйекке таңба, көңілге дақ түсірген қасіретті кезең. Қазақ мемлекеттігінің жаңа тарихындағы Алаш орда үкіметінің рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлын ашындырып, қолына қалам алдырған басты себептердің бірі де бірегейі — туған халқының адам төзгісіз ауыр халі, отаршылдық кеп. Қазақ халқы өзінің тарихында ешкімге отар болып көрмеген екен, 150 жыл орыс отаршылдығының масқара қамытын киді. Оның зардаптары шексіз, тигізген зияны өлшеусіз. Қазақ халқы отаршылдық кезеңде малынан, жанынан айырылды. «Орнында бар оңалар»: мал да өседі, жан да өсер, бірақ бәрінен қиыны — ұлт санасына түскен құлдықтың ауыр қамыты. Құлдық сана! Қазақ «Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады» дейді. Денеге кірген кеселден айығудың ұзаққа созылатынын айтып отыр. Ал рухани кеселдің ауыртпашылығын кім өлшепті; кім кесіп – пішіп айта алады? Ешкім айта алмаса керек: рухани кеселдің зардабы дене кеселінен мыңдаған есе ауыр! Дана қазақ «Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді» дейді. Отарлау ең алдымен басына ноқта түспеген бұла халықтың ең алдымен миына, санасына, ақыл – ойына жасалады. Миы, санасы, ақыл – ойы отарланбаған халық ешқашан, ешкімге құл болмайды. Отаршылдықты жан – дүниесімен сезінген Абайдың «бастағы ми, қолдағы малға талас қылған» деуі де сондықтан.

Міне, осындай ел басына күн туған, елдің рухы езіліп, намысы тапталған кезеңде елдің қамын ойлап, түнде ұйқыдан, күндіз күлкіден айырылған ерлер тарих сахнасына шығады. Ол ерлер тағы сол талайы ауыр халық ананың құрсағынан жаралады. Осы ауырлықты жан – тәнімен сезінген, «ұйқы беріп, қайғы алған» Ахмет Байтұрсынұлы өзіне – өзі «Адамдық диқаншысы» деп ат қояды. «Көлі жоқ, көгалы жоқ — қор жер» — елдігінен, бүкіл сән – салтанатынан жұрдай болған басыбайлы қоғам, отар ел — Қазақ елі. Бұл ел кезінде айдынды болғаны да, айбарлы болғаны да рас; бірақ қазір бәрін ұмытқан, дұрысы — ұмыттырған. Сол тәубесінен жаңылған, жадынан айырылған қор қоғамға өзінің кезінде кім болғанын есіне түсіру үшін көп еңбек ету керек; оның бойындағы өліп қалған адамшылықтың жасыл дарағын тірілту үшін де «адамдықтың тұқымын шашып, егу» керек. Алайда бұл азапты іске кім шыдайды, қу тандырдай кеуіп қалған топырақты қайта ылғалдандырып, оны тыңайтып, құмнан, тастан, арам шөптен тазартып, ерінбей – жалықпай егіп, суарып өнім алу үшін қаншама төзім, не деген сабыр керек?! Осы міндетін айқын сезінгендіктен де Ахмет Байтұрсынұлы өзін «Адамдық диқаншысы» деп атайды. Ал 1966 жылдың 19 маусымында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында Қамзабек ақсақалдың көп балалы отбасында тағы бір ұл дүниеге келді. Оның атын әке – шешесі ырымдап «Дихан» деп қойды. Оңтүстік — ежелден егіншілікті кәсіп еткен, жері құнарлы, шыбық шаншысаң, өзінен – өзі тал болып шығатын абат мекен. Дихан ата — қазақ мифологиясында «егіннің, егіншілердің пірі, иесі» («Жалын» журналы, 1974, № 3, 147 – б.). Шылаулы есім деген осы болса керек: кім қойса да бұл есім баланың азамат болып қалыптасуына, өмірлік жолын дұрыс таңдауына әсерін тигізгені сөзсіз. Бұл есім қойылғанда баланың болашақта барлық күш – қайратын «халықтың көңілін көгертуге» жұмсайтын «адамдық диқаншысына» айналарын әке – шешесі білді ме, білмеді ме — о жағын тап басып айта алмаймыз, алайда сәби дүние есігін шыр етіп ашқан кезде айтылатын көл – көсір елдің дұғасының қабыл болғаны анық. Дихан Қамзабекұлы өзі құрастырып, алғысөзін жазған «Омбының Алаш дәптері» атты кітапта Жұманұлы Әбділда былай деп жазады:

Шығады асыл — тастан, өнер — жастан,

0,0(0 оценок)
Ответ:
пончоДжян
06.07.2022 12:28
,Абайдың сүйіп, жар етіп алған екінші әйелі Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл, өзінің естелігінде жазғанындай, Абайдың отыз екі жасында өмірге келген екен. Жастайынан Абайдың тәрбиесін көріп, өнер-білімге ерте ден қойған ол өте зейінді, алғыр болған. Әкесінің өнегесімен орыс әдебиетімен жастай танысып, соның арқасында осы тілде жатық сөйлеген, аудармашылықпен айналысқан. Әкесі туралы татымды да тиянақты естелік жазып, қалдырған.
Мен – әкемнің кіші жамағатынан туған тұңғыш баласымын. Әкем кіші жамағат алғанда бастапқы бәйбішесі өзінен 2-3 жас үлкен еді, ұлғайған кезімде өзімді күтуге қолайсыз болады деген шығар. Екінші, жалпы қолы жеткен, әлі келген адамға екі қатын алмақ ғұрып сықылдыланғандықтан да шығар.Мен әкемнің 32 жасында, жастықтың алғашқы арыны басылып, жігіт ағасы болып қалған кезінде туғанмын. Мен әкемді танығанда, әкемнің жүзі ашық, ажары сыртында, көзі өткір, ашуы да, қуануы да жылдам, ширақ жанды адам еді. Мәжілісі қызықты, сауықшыл, дастарқаны аса мол еді. Бір іспен қызықтамай, жай, салбырап, шаруасын істеп отырмаушы еді.Бір ғадаты жақсы атқа, қыран құсқа құмар еді, өзі 2-3 жыл салтанатын келістіріп құсбегілерін, мергендерін сайлап құс салыпты. Балаларының әрқайсысына құс салғызды, бірақ ұзақ уақыт құсшы болғанымыз жоқ. Біреудікін алып, біреуге сапырып отырады. 250 шамалы құс қолыма келіп, кеткен шығар. “Тулақтың шолағындай” құс кергенім жоқ деп айтып отырушы еді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота