Қазақстан - көп ұлтты мемлекет.
Қазақстан Республикасы әлемде татулығы мен ұлтаралық бірлігі жарасқан ел ретінде танылған. Қазақстанның кең байтақ дархан жерінде жүзден астам ұлт өкілдері тату - тәтті өмір сүріп жатыр. Елімізде түрлі ұлт өкілдерінің татулық діңгегі ажыраған емес.
Біз жас ұрпақ осындай кең байтақ жеріміздің көгінде тек қана бейбіт құсы қалықтап ұшып, мемлекетіміз одан әрі көркейе беруін қолдаймыз. Себебі, бейбітшілік бар жерде, бақыт орнап, тыныштық болады. Одан әрі қарай да бейбітшілік пен татулықты сақтап, ынтымақтастықты ұстап тұрсақ, ата - бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қол жеткізген Тәуелсіздігіміз де мәңгі болмақ.
Бұл бір жағынан Елбасымыздың көреген саясатының арқасында деп білеміз. Болашақта жақсы білім алып, еліміздің гүлденіп, көркеюіне өзіміздің қомақты үлесімізді қосамыз деп білемін.
Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. Өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Барлық әлемде тыныштық орнап, бейбіт заманның ғұмыры баянды болғай! Себебі барлығымыз да бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз деп есептеймін.
1)Мемлекеттердің қысқарған атаулары : ҚР ( Қазақстан Республикасы ) , АҚШ ( Америка Құрама Штаттары ) , РФ ( Ресей Федерациясы ) , ҚХР ( Қытай Халық Республикасы ) , ГФР ( Германия федеративтік республикасы ) , ТР ( Түркия Республикасы ) , БР ( Белоруссия республикасы ) , ҚР ( Қырғыз Республикасы ) , EAP ( Египет Араб Республикасы ) , КР ( Кипр Республикасы ) , БАӘ ( Біріккен Араб Әмірліктері ) т.б
2)БҰҰ- Біріккен Ұлттар Ұйымы , ТМД- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы және тағы басқалары
3)Би - би - си радиосы , азаттық радиосы , казак радиосы
4)Біріккен Ұлттар ұйымы , Ғылым академиясы , Тіл білімі институты
5)Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясы .
6)Қыз Жібек,Қозы Көрпеш