ответ: Доспамбет жырау - қазақтың белгілі ақыны әрі қолбасшысы. XV ғасырдың 90-шы жылдары Азау қаласында (қазіргі Ростов облысында) дүниеге келген. Ол Кіші Ноғай ордасының әскери шонжарлар отбасынан шыққан. Доспамбет Бақшасарай мен Стамбұл қалаларында болып, жақсы білім алған. Отыз жылдай ғана өмір сүрген ақын ұрпақтарына өзінің құнды поэтикалық шығармаларын қалдырған. Оның өлеңдерінде жауынгерлердің жорықтары мен ерліктері жырланған. Батырларға тән ар-ождан мен намыс үшін күрескен жауынгерлерді керемет суреттей білген.
Доспамбет жыраудың толғау түрінде жазылған бірнеше шығармасы сақталған. Олар: «Айнала бұлақ басы тең, Азаулының Стамбұлдан несі кем», «Арғымаққа оқ тиді», «Айналайын, Ақ Жайық».
Доспамбеттің терең толғаулары жас ақындар, соның ішінде Бұқар жырау шығармаларына көп әсерін тигізді.
Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Олар адамдардың іс-қылықтарынан, мінез-құлықтарынан көрінеді, моральдық өзара қарым-қатынастарды басқарады. Отанға деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адам еңбек ету, өзара көмек, сондай-ақ қоғамға тән адамгершіліктің өзге де формалары, бұл-сананың, сезімдердің, мінез-құлық пен өзара қарым-қатынастың бөлінбес элементтері, олардың негізінде қоғамымыздың қоғамдық-экономикалық құндылықтары жатады.