Туған жер – адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осыжер оны елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан бастап-ақ адамда отанға деген махаббат сезімі оянады. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады:туған жер, туған көше, туғанқала немесе мен үшін туғанкент. Менің Отаным кішкентай болса да, мен үшін аса қымбатжер Бестөбе кентінен басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және бала-бақшаға барған көше әлі есімде. Сол кезде ол маған өте ұзын болып көрінетін. Мұнда көлік сирек жүретін, бірақ серуендеп жүретін адамдар көп болатын. Иә... Туған жер ұзаққа қиып жібермейтін. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдаптуған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіздүрсілі естіледі. Қазір бойжеттім, бірақ та өмір бойы мен үшін балалық шақтағытуған аула мен көше – менің кішкентай Отаным. Сонымен бірге мен елімнің бір бөлшегімін, оның бүгіні мен болашағымын
- Арман, қалай ойлайсың, біздің тыныс алып отырғанымыз ауа таза ма? - Жоқ, ауаны тап-таза деп айта алмаймыз. - Неліктен? - Себебі қазіргі кезде машиналар, әртүрлі көліктер көп жүреді. Зауыттар ауаны ластайды. Адамдардың бірі далаға қоқыс тастап кетеді, бірі шылым шегеді. - Арман, мен далада сірінкемен ойнап, от жағып жатқан балаларды көрдім. Олар да ауаны ластайды ғой, иә? - Әрине, ластайды. Отпен ойнағанның салдары ауаны ластаудан басқа да дерттерге әкелуі мүмкін. Бұл балалардікі дұрыс емес. Отпен ойнауға болмайды! - Ал лас ауадан адам ауыруы мүмкін бе? - Иә, осы айтып кеткен ауаны ластайтын заттар адамға ауру әкеледі. Сондықтан ауаны ластамауға тырысу керек. - Ал ауаны қалай ластамауға болады? - Ол үшін біздің істей аларымыз қоқыс тастамау және өсімдіктер өсіру. - Ал өсімдіктің қандай пайдасы бар? - Олар көмірқышқыл газын жұтып, оттегін бөліп шығарады. - Оттегі деген не? - Оттегімен тірі ағзалар адамдар, жануарлар, т. б. тыныс алады. - Міне керемет! Бізге мұғалім өсімдік әкеліңдер дегені осы екен ғой. - Иә, осылай таза ауаны сақтау керек.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку