Көшбасшылық стилі - қызметкерлерді басқару тәсілі немесе тәсілі. Бұл команданың тиімді жұмысы үшін маңызды факторлардың бірі.
Мұндай стильдер бар:
* Авторитарлық стиль;
* Демократиялық стиль;
* Либералдық стиль.
Авторитарлық басқару стилімен менеджер барлық мәселелерді оған хабарлауды талап етеді. Басшы команданың пікірін тыңдамайды. Лидер бір командасыз бәрін шешеді. Басы өткір және өрескел.
Басшы келесі басқару әдістерін пайдаланады: бұйрықтар, жазалар, пікірлер.
Бұл көшбасшылық стилі командаға теріс әсер етеді, бұл қызметкерлердің бастамашылығын және жауапкершілігін төмендетеді.
Демократиялық басқару стилімен менеджер әрқашан маңызды өндірістік мәселелер бойынша команданың пікірін ұжымдық шешімдер қабылдайды. Қызметкерлермен байланыс сұраулар, тілектер, ұсыныстар, кеңестер, марапаттар түрінде өтеді. Басшы мейірімді және сыпайы.
Либералды басқару стилімен басқарушы менеджментке белсенді қатыспайды. Бұл көшбасшылық стилі шығармашылық ұжымдарда жұмыс істейді, олардың қызметкерлері тәуелсіз және шығармашылық.
Әрбір менеджер қандай да бір стильді таңдай алады.
Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын зер сала оқып шыққан әр адамның жарқын болашаққа деген сенімінің арта түсетіні анық. Аталған мақалада Елбасы халқымыздың болашағы туралы кемелді ойларын жүректен өткізе отырып, толғана баяндайды. Ол халқымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі ой қозғап, игі мақсаттарды анықтап, оған бастар жолды саралап берді.Еліміздің жас ұрпақты білім мен ғылымға баулып жүрген ұстаздар қауымы үшін аталған мақаланың әсіресе «Білімнің салтанат құруы» атты бөлімінде айтылған ойлардың маңызы зор. «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет»-деп Елбасы атап өткеніндей халқымыздың білімге деген құштарлығына айқын дәлелдер жетерлік. Шешілуі қиын небір дауларға нүкте қоя білген бабаларымыздың шешендігінің өзі терең білімнен бастау алады. Алысқа бармай-ақ өз өлкеміздің берідегі тарихына үңілсек – алты алашқа аты шыққан атақты Мамания мектебі. Мыңғырған малы мен байлығын келер ұрпақтың біліміне жұмсаған атақты бай Маманның балалары ұйымдастырған мектептің қабырғасынан қазақтың небір айтулы азаматтары білім алды. Ақсу-Қапал өңірлерінің алғашқы мұғалімдерін даярлап шығарған Мамания мектебінің қазақ жастарының білімге деген құштарлығын оятудағы орны ерекше болды. «Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады»- деген қазақ қағидатын берік ұстанған қазақ байларының бұл бастамасы расында да Тәуелсіз Қазақстанның басшысы Н.Назарбаевтың «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» деген сөзіне дәлел. Қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі, қоғам қайраткері Біләл Сүлеев пен ақсұңқар ақын Ілияс Жансүгіров оқыған білім ошағы сол кезде білімге құштар қазақ жастарының ұстаханасы болды.