ответ:Мен сыртқа шығып кеткенімде үйге әлдекім келіп мені сұрапты.
Сондағысы маған бірдеңе бермек ойы болыпты, бірақ өзіме табыстамақ болған соң қалдырмай кетіпті.
Кейбіреулер сіздің бұл пікіріңізбен келіспеуі мүмкін.
Кешкі ас уақытында анамды әлдене алаңдатып отырғанын байқадым.
Әркімнің бұл мәселе бойынша өз пікірі бар.
Аман үйге кіре бергенінде артынша біреу есік қақты.
Бұл ұлан байтақ дархан дала - менің туған жерім, Отаным, Қазақстаным!
Осынау асқар Алатау, тау басынан сылдырап аққан су, жайқала өскен жасыл желек, жарқыраған күн мен көк аспан - мұның бәрі (жалпылау есімдігі) туған жерімнің әсем табиғатының тек бір көрінісі ғана.
Қазақстанның әр аймағында ауа райы да әр (белгісіздік есімдігі) түрлі болады.
Өздеріңіз білетін Шарын шатқалына ұқсас жер әлемде кемде – кем.
Әлдеқайдан елімізге шетелдік қонақтар келе қалса, мақтанып көрсететін жерлер тізіміне Көкшетауды қоссақ болады.
Объяснение:
ответ:Өлкемізге көктем мезгілі келді. Ағаштар гүлдей бастады. Құстар жылы жақтардан оралып, шықылықтап ән салады. Гүлдер де ашылды. Дала толы бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. Көктемде ата-әжелерімізбен тауға барып, қыр гүлін терген қандай тамаша!
Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Наурыз айында мерекелер өте көп. Бұл айда 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні, 22 наурызда болатын Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы сынды мейрамдар бар. Біз аналар күні аналарымызға, әжелерімізге, ұстаздарымызға, жеңгелеріміз бен әпке-қарындастарымызға түрлі сыйлықтар сыйлаймыз. Ал Наурыз мейрамында , үйіміз бен қоршаған ортамызды тазалап, көшет отырғызып, бұлақ көзін ашып, ұлттық дәстүрлерімізді жандандырып, көппен бірге той тойлаймыз. Бұл күні адамдар бір-бірімен жүздесіп, өкпелескендер реніштерін тарқатып, түрлі ұлттық ойындар ойналып, наурыз көже жасалады. Наурыз - менің ең сүйікті мейрамым. Думандатқан халық ұлттық киімдерімізді киіп, түрлі ұлттық ойындар ойналып, дастархан ұлттық тағамдарға толғанда, көңіліміз бір жасап қалады. Ата-апаларымыздан құнды салт-дәстүрлерімізді үйреніп, бойымызға сіңіреміз.
Объяснение: