1969-1970 жылдары Алматы облысы маңынан табылған "Алтын адам" алыс-жақын елдерді елең еткізгені анық. Археолог Кемел Ақышев Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің мүрдесін тапты. Тарихи жәдігердің киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген.
Әшекейлер барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін "хайуанат нақышында" жасалған. Бассүйектің сол жағынан жақұт тастармен әшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне ұқсас, биік, шошақ төбелі, ұзындығы 70 сантиметр шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбеуге аңға ұқсас бейнелер, 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналар жапсырылған қынға салынған темір қанжар - ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен әшекейленген.
Объяснение:
1. Тұйық етістіктің жұрнағын табыңдар.
С. –у
2. Сөйлемге қажетті модаль сөзді қойыңдар. Қазақстанның барлық аймақтарында ауыл шаруашылығының түрлері ... .
А. бар
3. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны қанша?
A. 9
4. Өздік есімдігі қатысқан мақал-мәтелді табыңыз.
D. Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.
5. Дара сын есімді көрсет.
С. Әдемі
6. Туынды сөзді табыңыз.
А. Оқушы
7. Келер шақта тұрған етістікті көрсет:
D. отырарсың
8. Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңыз.
Биыл мектеп бітіремін және оқуға түсемін.
В. Ыңғайлас
9. Көмектес септігінің жалғаулары.
А. - мен, -бен, -пен
10. Көптік жалғауы жалғанған сөзді белгіле.
А. қағаздар, ақшалар
11. БҰҰ, ТМД, ҚР- сөздердің қай тобына жататынын көрсет
В. қысқарған сөздер
12. Қысқарған сөзді табыңыз.
А. ВАЗ-07
13. Буынға бөлінбейтін сөздер қатарын анықтаңыз.
D. БҰҰ, 50см.
14. Қайсысы мәтел
В. Талапты ерге нұр жауар.
15. Құрамындағы жай сөйлемнің баяндауыштары тиянақты болып, өзара тең дәрежеде байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін көрсет.
С. салалас құрмалас сөйлем
16. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін тап.
D. бастауыш, баяндауыш