Адам ағзасына судың көп пайдасы бар. Себебі мидан бастап асқазанға дейінгі барлық
мүше суды қажет етеді. Сондықтан күнде таңертең су ішу керек. Дәрігерлер судың
төмендегідей пайдасын атап көрсетеді:
• дене температурасын тұрақты ұстап тұр;
оттегі тасымалдайды;
• бүйрек пен бауырдағы қалдықтарды (шлан) тазалайды;
дәрумен мен минералдарды таратады;
денені жарақаттанудан қорғайды;
жасушалар мен бұлшықеттерді біріктіреді;
• тері жасушаларын ылғалдандырып, сауықтырады.
Су ас қорытуға жақсы көмектеседі. Ересек адамның денесінде 40-50 литр су
болады. Қанның 83%, бұлшық еттердің 75%, мидың 74%, сүйектердің 2296 судан тұрады.
Денеде 20% су жетіспесе, адам өміріне қауіп төнеді. Адам қажет мөлшерде су ішпесе,
миының жұмысы баяулайды. Қан қоюланады. Жүрек көп жұмыс істеуге мәжбүр болады.
Іші қатады. Адамның басы айналып, ауырады. Тез шаршап, әлсіздік пайда болады. Тамақ
ішуге тәбеті болмайды.
Адам тұмаумен ауырғанда, биік жерлерде болғанда, күн ыстықта көп су ішуі қажет.
Күнде таңертең тұрғанында 2 стакан су ішкен пайдалы
Қыс – күзден кейін келетін, жылдың ең суық мезгілі. Күнтізбе жүйесі бойынша Желтоқсан, Қаңтар, Ақпан қыс айлары болып саналады. Қыста түн ұзақ, күн қысқа болып, Үркер жұлдызы көкке өрмелеп жоғары көтерілген сайын суыта түседі. Қыс мерзімін халқымыз өзінше бағалап, өз тұрғысынан сипаттап келеді. Осы тұста қыстың бейнесін тірі жанға балаған Ұлы Абайдың мына өлең шумақтары еріксіз тіл ұшына оралады:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды. Дем алысы – үскірік, аяз бен қар, Кәрі құдаң – қыс келіп, әлек салды.
Бұл мезгілде болатын табиғи құбылыстардың бірін қалдырмай аса көркемдікпен суреттеген Жүсіпбек Аймауытовтың және Ілияс Жансүгіровтің төмендегі өлең жолдары қыстың қатал мінезін көз алдымызда жандандырып тұрғандай:
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар. Қызыл шұнақ қызыл бар. Суда айна тас мүсін бар, Қылаулатқан қырау бар.