StenxgenS
25.12.2022 09:42

,сұрақтарға жауап береміз. 1 сұрақ: “Дінаралық қақтығыс”ұғымы қалай пайда болуы мүмкін? 2 сұрақ: Дінаралық татулық-бейбітшілік бастауы дегенді қалай түсінесің?​

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
омега75
15.10.2021 04:51

1)Қаныш Имантайұлы Сәтбаев — геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик.

Қаныш Сәтпаевтың геология мамандығына тікелей қатысы бар, себебі ол - геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше.

2)Соколов темір кен орны - Қостанай облысы Қостанай ауданы Рудный қаласынан солтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан.

3)Алюминий біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігіне айналғанына көз жеткізу үшін айналаға зер салып қарап шығу жеткілікті. Мүмкін, сіз бұл мәтінді алюминийден жасалған құрылғыдан оқып отырған боларсыз. Планшеттер мен жалпақ панельді теледидарлар, спорттық жабдықтар мен жиһаздар, айналар мен кофеқайнатқыштар - осы және басқа да көптеген тауарлар алюминийден жасалған.

Смартфондар, планшеттер, ноутбуктер, жалпақ панельді теледидарлар, мониторлар және басқа да жабдық өндірушілер алюминийді көбірек қолданады. Әдемілік пен қолайлылық бұл салада алюминийдің танымал болуының кепілі болып табылады. Алюминий корпусты құрылғылар сәнді әрі сенімді көрінеді, сонымен қатар жеңіл әрі берік болады.

Алюминий сонымен қатар жиһаз және интерьер заттарын өндіруде жиі қолданылады. Үстелдер, орындықтар, перделер, суретке арналған жақтаулар, шамдар, декоративті қабырға панельдері, кондиционерлер мен радиаторлардың барлығы алюминийден жасалған.

Ал ас үйді алюминийсіз елестету мүмкін емес. Біз тек тұрмыстық техниканың корпустары туралы ғана емес, сонымен қатар заманауи, технологиялық, қауіпсіз және әдемі ыдыс-аяқтар - кәстрөлдер мен пісіруге арналған ыдыстар, ет тартқыштар жайлы айтып тұрмыз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
MashaE631
06.07.2022 09:47

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Халықтың көркемдік ойының бір көрінісі ретіндегі би өнері өзінің эстет. болмысында қазақ жұртының жалпы дүниетанымына сай арман-мұраттарын бейнелейтін қимылдар жүйесін қалыптастырған. Қазақ халқы ежелгі би өнерінің дәстүрі мен өрнегін сақтап, өзінің рухани қазынасымен ұштастыра отырып, ғасырлар бойы дамытқан. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған. Қазақ биі өнері синкреттік түрде дамып, басқа өнер түрлерін насихаттау мен ақпараттық түрде бекіту және кейінгі ұрпаққа жеткізу барысында өзіндік маңызды рөл атқарды. Ежелгі билердің канондық түрлері бізге жетпеген. Бірақ халық арасында би қимылдарын меңзейтін идеялар ұлттық ойындар мен салт-жораларда сақталған, тарихи және этногр. деректерде қалыптасу негіздері барлығы аңғарылады. Жиын-тойларда жұрт көңілін көтеретін күлдіргіш-қуақылардың өнерлерінде би қимылдары мол қолданылды. Қазақ биі көшпелі малшының тұрмыс-тіршілігін, табиғат көріністерін ұлттық таным-талғамға сай көркем бейнеледі. Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қаласында өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген.[1] Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды. Халық биінің тез қарқынмен дамуына 1955 ж. құрылған Мемл. ән-би ансамблі зор үлес қосты. Ансамбльді реж.-хореограф. Л.Д. Чернышова, комп. Б.Байқадамов, балетм. А.Бекбосынов ұйымдастырды. 1989 ж. құрылған “Салтанат” би ансамблі М.Төлебаев, Байқадамов, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Н.Тілендиев, Е.Рахмадиев, Ғ.Жұбанова, т.б. композиторлардың шығармаларын сахнада бейнеледі. “Саяхатта”, “Алатау баурайында”, “Жайлауда”, “Аққу қыздар” вокалды-хореогр. композициялармен бірге “Кілемшілер”, “Жігіттер биі”, “Бүркітші”, “Қос алқа”, “Асатаяқ”, “Биші қайың”, “Шолпы” және “Салтанат” билері ансамбльдің шығарм. бет-бейнесін айқындады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота