1.Мен ғаламторды қазақ тілінде пайдаланбаймын. Өйткені қазақ тілі пәні мен үшін оңай әрі қызықты.
2.Мен өзіме бір нәрсе керек кезде ғана пайдаланамын.
3.Негізі барлық жасөспірімдер ғаламтордан қарағанды ыңғай көреді. Менің ойымша екеуіде дұрыс.
4.Ғаламтор оқушы үшін маңызды. Кәзіргі кезде барлығы онлайн болғандықтан оқушылар онлайн оқығанға маңызды.
5.Қазір онлайн болғандықтан 4-5 сағат отырамын. Көзге жаттығу жасап отырамын.
6.Ғаламтордың пайдасы көп. Өзіңізге не керек барлығын жазасыз.
7.Ғаламтордың зияны көп емес. Оның бір түрі. Ғаламтор сіздің көзіңізді ауыртады. Ғаламторға кірсеңіз кіріп отыра бергіңіз келеді. Барлық балалар ғаламторда көп отырады.
2-тапсырма
Ғаламторды көбінесі байланыс құралы ретінде пайдаланамын.Жаңалықты теледидардан, газет – журналдан оқып, көремін. Жалпы ғаламтордың айтарлықтай зияны жоқ. Көп ата- аналар сияқты менің ата – анам оған қарсы емес. Алыс – жақындағы туған – туыс, дос – жарандармен жиі хат алмасып тұрамын. Топтарға кіремін, әсіресе саяси, әлеуметтік идеялы топтар ұнайды. Өмірге қажеттіні ғаламтордан тауып оқыуға тырысамын.
Ата – ана туралы мақал – мәтелдер.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
* * * * *
Жалғыз баласы атқа шапса,
Атасы ауылда тұрып
Тақымын қысады.
* * * * *
Ана жақсылығын,
Ауырсаң білерсің.
Қайын жақсылығын,
Қырырсаң білерсің.
* * * * *
Баланың өзі болғандай,
Келіннің өзі келгендей.
* * * * *
Ата-ананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
* * * * *
Ақ шашты ана:
«Жастығым - балам» дейді.
Ақылды бала:
«Ай-күнім - анам» дейді.
* * * * *
Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
* * * * *
Малды баққан өсірер,
Баланы тапқан өсірер.
* * * * *
Бала –
Ананың бауыр еті көз нұры.
* * * * *
Мылқаудың тіліне анасы түсінеді.
* * * * *
Бесіктегі баланың
Күлгенін көрген бір мұрат.
Алдынан түсіп ананың
Жүргенін көрген бір мұрат.
* * * * *
Өз кемеріңнен шыққан баланы
Бал сүтіңмен бағарсың.
Бал сүтіңмен бақпасаң,
Қайтіп көңілін табарсың?!
* * * * *
Мейірімі мол ананың –
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның
Жүзі жылы, жолы кең.
* * * * *
Ақ жаулығы ананың –
Ақ көрпесі баланың.
* * * * *
Ана алақанының аясы –
Ақы шынардың саясы.
* * * * *
Ананың сүті – бал,
Баланың тілі – бал.
* * * * *
Ана сүтін ақтамағанды
Ешкім мақтамайды.
* * * * *
Әкеден – ақыл,
Анадан – мейір.